13-14 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттердің және Моңғолияның арасында тауарлардың шектеулі қамтылуын бағамдайтын уақытша сауда келісімін жасасу жөнінде консультациялар болып өтті.
Моңғолия ЕАЭО-ның басым әріптестерінің бірі болып табылады, онымен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге айрықша мән беріледі.
Одақ пен Моңғолия ұлттық өнеркәсіптік өндірістердің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыру үшін де, екіжақты сауданы тереңдету үшін де, бір-бірінің нарықтарына қол жеткізу жағдайларын жақсарту үшін де кең мүмкіндікке ие.
"Болашақ уағдаластықтар екі жаққа да тиімді сипатта болуға тиіс және біздің халықтарымыз мен бизнес тарапынан сөзсіз қолдауға ие болуы керек. Біз уақытша келісім туралы кездейсоқ сөз етіп отырғанымыз жоқ, өйткені уақыт шынында да елеулі маңызға ие болып отыр. Біз үшін бәріміз де сезіне алатын сол нәтижеге тез әрі жедел жеткеніміз маңызды", – деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев консультацияны аша келіп.
"Кеңес Одағы кезінен бастап Моңғолия Ресей мен ЕАЭО-ның басқа елдерін басым сыртқы сауда әріптестері ретінде қарастырды, бірақ бүгінде олардың жалпы сауда айналымындағы үлесі болымсыз. Болашақ келісім қалыптасқан жағдаятты өзгертуге серпім беруі керек", – деп Моңғолияның вице-премьері – Экономика және даму министрі Чимэдийн Хүрэлбаатар өз кезегінде атап өтті.
Тараптар консультациялар қорытындысы бойынша келісіммен жұмысты жыл соңына дейін аяқтау ниетін растады.
Анықтама
2017-2021 жылдары ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы сауда көлемі 34% өсіп, 1,96 млрд долл.дейін жетті.