Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы Хаттаманы іске асыру шеңберінде Ресей Федерациясының салық заңнамасына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды. Олар ЕАЭО елдерінен тауарларды импорттаушылардың жанама салықтар (ҚҚС және акциздер) бойынша есептілікті ұсынуына қатысты.
Түзетулер Ресейдің еркін экономикалық аймақтарының (ЕЭА) резиденттері Одақ елдерінен тауарлар импорттаған кезде ҚҚС төлеудің айрықша тәртібі енгізілуіне негізделген және ЕАЭО мен үшінші елдердің тауарларына қатысты жанама салықтар алудың тең жағдайларын қамтамасыз етуге арналған.
Енді Ресейдің жаңартылған заңнамасына сәйкес Одақ мемлекеттерінен тауар импорттаушылар ҚҚС және акциздер бойынша есептілікті 2023 жылғы 20 қыркүйектен кешіктірмей ұсынуға тиіс. Тиісті декларацияның жаңа нысаны, оны толтыру тәртібі және электронды түрде ұсыну форматтары осы жылғы 13 тамызда күшіне енді.
Бұдан басқа, еркін экономикалық аймақтың резиденттері үшін жанама салықтар бойынша декларация нысаны ресейлік ЕЭА-ға ЕАЭО аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты жаңа 1.1-бөліммен толықтырылды. 060 жол күнтізбелік 180 күн ішінде ҚҚС-пен өткізілген тауарлар үшін, 070-жол — сол мерзімде өткізілмеген және (немесе) ҚҚС-сыз өткізілген тауарлар үшін көзделген. Декларацияны өзгерістер бөлігінде толтыру тәртібі Ресей ФСҚ-ның тиісті бұйрығына № 3 қосымшада көрсетілген.
Ресей салық заңнамасын өзектілендіру Одақ мемлекеттерінен тауарларды ЕЭА аумағына импорттау кезінде ҚҚС салудың кемсітусіз тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жұмыстың соңғы кезеңі болып табылады.
Анықтама
ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 8 ақпанда Мәскеуде Одақ мемлекеттерінң басшылары қол қойған Хаттама 2023 жылғы 3 сәуірде күшіне енді.