Еуразиялық экономикалық комиссия Ресей Федерациясының Көлік министрлігімен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ елдері азаматтарының Ресей Федерациясындағы жеңіл такси жүргізушілері ретіндегі еңбек қызметіне қолжеткізу бөлігінде такси туралы жаңа заңның ережелеріне түсініктеме дайындады.
Айта кету керек, жаңа талаптар Ресей Федерациясындағы барлық такси жүргізушілеріне, олардың азаматтығына қарамастан, соның ішінде Ресей азаматтарына бірдей қолданылады.