Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы кедендік декларацияны беру кеден органына артық қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа сәйкестікті бағалау туралы мәліметтерді ұсынумен сүйемелденетін өнімдер тізбесіне дәлдеп енгізілетін өзгерістерді бекітті.
Өзгерістер техникалық сипатқа ие және қолданыстағы тізбеде (ЕЭК Алқасының 2019 жылғы 22 қаңтардағы № 12 шешімімен бекітілген) көрсетілген өнім атауларын техникалық регламентке өзгерістерде (ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 49 шешімімен енгізілген) жазылған оның атауларымен сәйкес келтіруді көздейді.
Өнімдер тізбесіне өзгерістер ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарының қолданыстағы номенклатурасын өзгертпейді және әкелінетін өнімді кедендік ресімдеу рәсіміне әсер етпейді.