Жаңалықтар

18.06.2024

ЕЭК Кеңесі уақытша әкелудің кедендік рәсімін қолдануды реттеуді оңтайландырды

11 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы шешімі күшіне енеді.

Уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімін құқықтық реттеуді оңтайландыру және жүйелеу үшін ЕЭК Шешімнің жобасын әзірлеу бойынша бастама ұсынды. Осы мақсатта Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331, 2010 жылғы 16 шілдедегі № 328, 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімдерінің, сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 109 шешімдерінің тиісті ережелері біріктірілген.

Комиссияның әртүрлі шешімдерінің ережелерін ыңғайлы пайдалану және олардың сәйкес келмеуін болғызбау үшін тауарлардың бірыңғай тізбесі жасалды, онда кедендік баждарды, салықтарды төлемей тауарлардың уақытша болу және пайдалану мерзімдері мен талаптары, сондай-ақ уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімдері белгіленген.

ЕЭК Кеңесінің шешімімен ЕАЭО Кеден кодексінің 226-бабы 3-тармағының бірінші және екінші абзацтарында көзделген пайыздар есептелмейтін және төленбейтін жағдай да айқындалды.

Құжатты әзірлеу кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлемей, оларды бақылаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне, сондай-ақ кейбір жағдайларда оларды дұрыс анықтамауға байланысты тауарларды уақытша болуы мен пайдаланудың бірқатар талаптары қайта қаралды және түзетілді.

Сонымен қатар Шешімде осы Шешім күшіне енгенге дейін уақытша әкелу бойынша (рұқсат берудің) кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатудың шекті мерзімдері мен талаптары (кедендік баждарды, салықтарды төлемей тауарлардың уақытша болу және пайдалану), сондай-ақ аталған тауарларға қатысты осы Шешім күшіне енгенге дейін қолданыста болған Кеден одағы Комиссиясының (Еуразиялық экономикалық комиссия) тиісті актілерімен айқындалған уақытша әкелу мерзімдері (уақытша әкелу (рұқсат беру) бойынша кедендік рәсімдердің қолданылу мерзімдері) айқындалған.

Шешім қабылдау уақытша әкелудің (рұқсат берудің) кедендік рәсімін құқықтық реттеуді оңтайландыруға және жүйелеуге, Одақтың кеден аумағында тауарлардың уақытша болуы мен пайдаланылуының екіұшты жағдайларын болдырмауға, сондай-ақ бірыңғай құқық қолдану практикасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.