Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 18.05.2022 10:58)

ЕЭК Кеңесі жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің бажсыз шегін 1000 еуроға және 31 кг-ға дейін көтерді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік баждар мен салықтарды төлемей жеке пайдалануға арналған тауарларды Беларусияға, Қазақстанға, Қырғызстан мен Ресейге әкелудің құндық нормаларын 1000 евроға дейін және салмақ нормаларын 31 кг-ға дейін ұлғайтты. Бірге алып жүретін және (немесе) бірге алып жүрмейтін багажды әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен әкелу немесе оны жаяу жүру тәртібімен өткізу туралы сөз болып отыр.
Бұл ретте, егер жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны көрсетілген нормалардан асып кетсе, онда құнның 30%-ы мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 4 евро төлеу қажет.

Осы шешім қабылданғанға дейін жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің бажсыз шегі 500 евро және 25 кг болды.

Одақ елдері мен Комиссия сарапшыларының пікірінше, қабылданған шара санкциялық қысым жағдайында азаматтарды қолдауға және бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен сыни импорт тауарларының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Бірақ ол уақытша – 2022 жылдың
1 қазанына дейін әрекет етеді.

ЕЭК Кеңесінің шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күннен кейін күшіне енеді.