«Жаңа жол картасында Комиссияның және Одақ елдері мемлекеттік билік органдарының өнімді жұмысының нәижесі көрініс тапты. Бұл ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары белгілеп көрсеткен неғұрлым маңызы бар кедергілерді жоюға бағытталған орташа мерзімді стратегиялық жоспарлаудың түйінді құжаттарының бірі. Жол картасын іске асыру Одақтың ішкі нарығының бұдан да орнықты жұмыс істеуіне негіздей отырып, интеграциялық процестердің дамуы мен кеңеюін қамтамасыз етеді»,- деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.
Жол картасының іс-шараларын іске асыру уақыты ішінде, атап айтқанда, 14 кедергіні: 13 шектеу мен 1 алып қоюды жою жоспарлануда. Тізімде ғылыми дәрежелер мен атақтар туралы құжаттарды, жүргізуші куәліктерін тануға, күшті әсер ететін заттар мен мәдени құндылықтардың айналысына байланысты кедергілер, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы басқа да маңызды кедергілер бар екенін еске саламыз.
Алғашқы қорытындылар туралы баяндама 2021 жылғы қарашада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ұсынылатын болады.