Еуразиялық экономикалық одақта 7 қарашада «ЕАЭО-2023 Моделі» – Ресей СІМ ММХҚИ, РФ Ғылым және жоғары білім министрлігі, Ресей халықтар достығы университеті және Еуразиялық экономикалық комиссияның бірлескен білім беру жобасы басталады. Бұл одақтың қызмет ерекшеліктеріне енуге мүмкіндік беретін бірегей формат.
«ЕАЭО Моделі» интеграция саласындағы жетекші сарапшылар мен ғылыми қайраткерлердің дәрістерін қамтиды, бүкіл еуразиялық кеңістіктің дарынды жастарымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы мемлекеттік үлгідегі сертификаттар мен куәліктер алуға мүмкіндік береді, жоба қатысушыларына жағымды эмоциялар мен құнды тәжірибемен алмасуды қамтамасыз етеді.
Жобаға қатысу үшін 4 қарашаға дейін «ЕАЭО модельдері» сайтында тіркелу қажет: https://eaeumodel.ru/. Содан кейін 7-23 қараша аралығында біліктілікті арттыру курсы өтеді.
4-6 желтоқсан аралығында өтетін қорытынды, негізгі кезеңде қатысушылар өздерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өкілдері рөлінде сынап көреді және Одақтың бес органы: Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес, Еуразиялық үкіметаралық кеңес, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы, Еуразиялық экономикалық одақ Соты үшін ұсынылған күн тәртібі аясында шешімдер әзірлейтін болады.
Жобаға қатысты барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы хабарласу керек: eaeumodel@my.mgimo.ru.
Өтетін орны: РФ СІМ ММХҚИ: Мәскеу қ., Вернадский даңғылы, 76. Іс-шара ММХҚИ тәрбие жұмысы басқармасының және ММХҚИ Заң клубының ұйымдастырушылық қолдауымен өтеді.
Сіздерді «ЕАЭО-2023 Моделінде» күтеміз!