Жаңалықтар

21.10.2022 (Обновлено: 28.10.2022 13:22)

ЕАЭО елдері Өңірлік аккредиттеу ұйымын құру жұмысын жалғастырады

21 қазанда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Премьер-министрлері ЕАЭО елдерінің Үкіметтеріне аккредиттеу жөніндегі органдардың Өңірлік аккредиттеу ұйымына (ӨАҰ) қатысу мүмкіндігін қарауды және тараптардың уәкілетті органдарына оның құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі ұйымдастырушылық, қаржылық мәселелерді шешуіне көмек көрсетуді тапсырды.

"Өңірлік аккредиттеу ұйымын құру өнімнің сәйкестігін бағалау және ЕАЭО-ның ортақ нарығын қорғау нәтижелеріне сенімділікті арттыру үшін Одақта аккредиттеу рәсімдерін жақындастыруға ықпал етеді. Бұдан басқа, ол үшінші елдермен саудада техникалық тосқауылдардың белгіленуін алдын ала ескерту жөніндегі олардың пәрменді құралдарының бірі бола алады, сондай-ақ одақтас тауарлардың ТМД елдері мен алыс шет елдердің нарықтарына экспортын ұлғайту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді",- деп атап өтті ЕЭК министрі Виктор Назаренко.

Мұндай өңірлік ұйым жұмысының салмақты нәтижесі ортақ мүдделерді ілгерілету және халықаралық аренада ЕАЭО елдерінің аккредиттеу жүйесінің беделін арттыру болады. Ол ТМД-да және ЕАЭО-да еркін сауданы қамтамасыз ету үшін тиімді механизм құруға да ықпал етеді.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Үкіметтері басшыларының тапсыруы бойынша Комиссия мен Аккредиттеу органдары басшыларының кеңесі 2021-2022 жылдары Еуразиялық өңірдің Өңірлік аккредиттеу ұйымын құру мәселесін ізеуіртті пысықтады.

Осындай ұйымды құрудың орындылығы туралы жалпы тұжырымға сүйене отырып, Комиссия баяндамасында оның жұмысының негіздері мен жағдайлары - ТМД мен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарының қатысуы, оны халықаралық тану, ЕАЭО (ТМД) елдерінің бірінде оқшауланған тұрақты жұмыс істейтін жұмыс органының болуы көрсетілген. Ол құрылғаннан кейін Комиссия мен Өңірлік аккредиттеу ұйымы арасында әріптестік туралы тиісті келісімге қол қою арқылы өзара іс-қимылдың ұнатымды болатын форматы да белгіленді.