Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің бағасы 2023 жылғы қазанда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,3% өсті. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өнімдерінің бағасы 3,6% төмендеді, мал шаруашылығы өнімдерінің бағасы 6,4% өсті.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер бағасының төмендеуі Арменияда (28,7%-ға), Беларусьте (7,7%-ға), Қазақстанда (3,9%-ға) және Қырғызстанда (1,8%-ға) байқалды. Бұл ретте Ресейде бағаның өсуі (4,9%) тіркелді.
Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасы» бөлімінде берілген.