Жаңалықтар

29.03.2024

2024 жылғы ақпанда ЕАЭО бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы жылға шаққанда 7,5% өсті

Еуразиялық экономикалық одақ бойынша ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының индексі 2024 жылғы ақпанда 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 107,5% құрады.

Егіншілік өнімін өндірушілердің бағасы 2%, мал шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы 11,5% өсті. 

Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер бағасының төмендеуі Арменияда (11%), Беларусьта (2,4%) және Қазақстанда (4,1%) байқалды. Бұл ретте бағаның Қырғызстанда (0,6%) және Ресейде (11,2%) өскені тіркелді.

Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің бағасы туралы» бөлімінде берілген.