Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО мемлекеттеріне белгілі бір жағдайларда ұлттық заңнама бойынша медициналық бұйымдардың айналымын реттеуге мүмкіндік беретін медициналық бұйымдарды тіркеу қағидаларына өзгертулер енгізді.
ЕЭК Техникалық реттеу министрі Виктор Назаренко атап өткендей, өзгерістер төтенше жағдайларға ден қоюдың икемді мехнизмдерін ұлттық деңгейде пайдаланудың арқасында ЕАЭО елдерінің нарықтарында медициналық бұйымдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, өзгеріс ЕАЭО ережелері бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу кезінде өзектілігін жоғалтқан өтпелі ережелерді алып тастауды көздейді.