Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бұрын ресімделген тауарларға қорытынды декларация беру кезінде кедендік құжаттарды тексеру тәртібін бекітті.
"Тәртіп тауарлар үшін декларация берілгенге дейін шығару сияқты бизнес үшін осындай оңайлату қолданылған жағдайларда құжаттар мен мәліметтерді тексеру кезінде кеден органдары мен бизнестің іс-қимылының нақты алгоритмін жасауға мүмкіндік береді, яғни декларация іс жүзінде тауарлар шығарылғаннан кейін беріледі", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов.
Оның сөзінше, бұл шешім бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз етуге, тауарларды декларациялаудың оңайлатылған тәртібін қолдану кезінде дұрыс болжау мен айқындылықты арттыруға мүмкіндік береді.
Тауарларға декларация берілгенге дейін шығаруды уәкілетті экономикалық операторлар тауарлардың жекелеген санаттары үшін де қолданады.