Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» (ЕАЭО ТР 052/2021) техникалық регламентіне қатысты өнімдер тізбесін бекітті, ол өнімдер бойынша кедендік рәсімдеу жүргізу кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады.
Тізбе алғаш рет бекітілді және техрегламент қолданылатын барлық өнімдерді қамтиды.
Құжат кеден органдарының Одақтың кеден аумағына өнімді әкелу кезінде техникалық реттеу шараларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған.
Өнім тізбесін қабылдау 2025 жылғы 2 қаңтардан бастап күшіне енетін метрополитеннің жылжымалы құрамына ЕАЭО техрегламентінің талаптарын іске асыруға ықпал ететін болады.