Жаңалықтар

11.04.2022 (Обновлено: 28.04.2022 17:34)

2022 жылғы Еуразиялық экономикалық форумның тұжырымдамасы бекітілді

8 сәуірде Ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің төрағасы, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошевтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық форумның ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті.

Отырыс барысында «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция. Инвестициялық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы форум тұжырымдамасы бекітілді.

Форумның бағдарламасында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшылары қатысатын жалпы отырыс, сондай-ақ алты панельдік сессия өткізу көзделеді.

Олардың бірінде жаһандық өзгерістер дәуіріндегі еуразиялық интеграцияның стратегиялық даму перспективаларын қарастыру белгіленген. Оның аясында «Стратегия – 2025: Болашақ ЕАЭО бейнесін қалыптастыру. ЕАЭО-дағы ынтымақтастықтың жаңа салалары мен бағыттары», «Одақтың ішкі нарығының кедергісіз перспективалары. Даму жолдары», «Еуразияшылық - адамдарды біріктіру идеясы. Болашаққа көзқарас», «ЕАЭО-ның перспективалы халықаралық әріптестермен өзара іс-қимылы: Үлкен Еуразиядағы өзара тиімді ынтымақтастық» сияқты бірқатар пікірталас сессияларын өткізу болжанады.

Басқа панельдік сессия қаржы нарықтары мен даму институттарына (даму банктеріне) арналады. Онда қатысушылар макроэкономикалық тұрақтылық үшін мүмкіндіктер мен ЕАЭО елдері экономикаларының өсу нүктелерін талқылайды. Талқылау үшін мынадай: «ЕАЭО мемлекеттерінің ұлттық валюталарында номинацияланған биржалық қаржы құралдарының экономикалық өсуді ынталандырудағы рөлі»; «ЕАЭО кеңістігінде интеграцияланған валюта нарығын қалыптастырудың практикалық аспектілері. Одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарының тікелей бағам белгілеу механизмдері», «Өзара сауда шеңберінде есеп айырысу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валюталарын пайдалануды кеңейту жолдары», «Экономикалық дамуға нысаналы жәрдемдесу бағдарламаларын іске асырудағы халықаралық тәжірибе. Инклюзивті дамудың халықаралық бағдарламалары мен жобалары» тақырыптары ұсынылды.

Үшінші панельдік сессияда өнеркәсіп және АӨК мәселелерін Одақтың экономикалық өсуінің және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің драйвері ретінде қарау белгіленген. Онда: «Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары: түйінді трендтер, іске асыру құралдары, сын-қатерлер мен тәуекелдер», «ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенін цифрлық жаңғырту», «Адамдар мен бизнес мүдделеріндегі техникалық реттеу», «ЕАЭО зергерлік күн тәртібі: нәтижелері, перспективалары мен мүмкіндіктері» талқыланатын болады.

Төртінші панельдік сессияның тақырыбы экономикалық дамуға жәрдемдесуге арналған энергетикалық және көлік инфрақұрылымы болады. Ол: «Көлік кешені - Еуразиялық экономикалық интеграцияның тірегі», «Көлік саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі», «ЕАЭО елдерінің энергетикалық дәліздерін құру перспективалары», «Энергетика саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі» сияқты бірқатар қосалқы салаларды қамтиды.

Одақтың цифрлық күн тәртібінің 2.0 мәселелеріне қатысты бесінші панельдік сессияда мынадай бағыттарды талқылау жоспарлануда: «Электрондық сауда: ЕАЭО бірыңғай нарығы инфрақұрылымының тірегі», «ЕАЭО цифрлық дамуы тиімді интеграцияның кілті ретінде», «Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының «Қоғамдық қабылдау бөлмесі», «ЕАЭО кеден қызметтерімен бизнестің диалогы».

Тағы бір панельдік сессияда ЕАЭО-дағы өзара іс-қимылдың жаңа бағыттары, оның ішінде мынадай тақырыптар қаралатын болады: «Туристік сала - экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа орамы», «Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде өзара іс-қимылдың желілік нысандарын дамыту», «2025 Стратегиясы: жастардың ЕАЭО-ны дамытуға көзқарасы».

Көрме бөлігі саланың жетістіктері мен даму перспективаларын көрсете отырып, агроөнеркәсіптік кешен тауарларының экспозициясын болжайды.

Бұдан басқа, Комиссия ұйымдастыратын бизнес-диалогпен ЕАЭО Іскерлік кеңесін өткізу жоспарлануда.

Пленарлық отырыс модераторы - РҚҚС басшысы Александр Шохиннің кандидатурасы бекітілді.

Комиссия форум операторымен бірлесіп модераторларды, спикерлерді және форумға қатысушыларды анықтау, сондай-ақ панельдік сессияларды мазмұндық тұрғыдан толтыру бойынша белсенді жұмыс істеуде.

Ұйымдастыру комитетінің отырысына ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович, ЕЭК Алқасының мүшелері, Одақ елдері министрліктерінің, ведомстволарының өкілдері және форум операторы қатысты.

Айта кетейік, форум биылғы 26 мамырда Бішкекте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы қарсаңында өтеді.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық форум ЕАЭО мемлекетінде кезекпен өткізілетін, Одақ органдарында – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және ЕЭК Кеңесінде төрағалық ететін Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық саладағы жыл сайынғы іскерлік іс-шарасы болып табылады. Форум ЖЕЭК 2019 жылғы 1 қазандағы №16 шешімінің негізінде өткізіледі.

Іс-шара оған мүше мемлекеттер мен үшінші елдердің ірі, орта және шағын бизнес басшыларының, мүше мемлекеттердің бірінші тұлғаларының, ЕАЭО елдері мемлекеттік билік органдарының басшылары мен өкілдерінің, сондай-ақ үшінші елдер үкіметтерінің басшылары мен мүшелерінің, Одақ шеңберіндегі өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі халықаралық, ғылыми және білім беру ұйымдары өкілдерінің қатысуына бағдарланған.

Еуразиялық экономикалық форумды өткізудің мақсаттары мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында кооперациялық байланыстарды қалыптастыру және мүше мемлекеттердің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіруден синергетикалық әсерге қол жеткізу, экспорттық әлеуетті дамыту болып табылады.