Жаңалықтар

21.10.2022

2021-2022 жылдары ЕАЭО-да автоөнеркәсіп, станок жасау, электр техникасы және басқа бірқатар салада 25 жоба іске асырылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асырылған импорт алмастыру жөніндегі бірлескен жобалар туралы баяндаманы қарады.

Баяндамада 2021-2022 жылдары импортқа тәуелді, соның ішінде автомобиль, станок аспаптары, электр техникасы, химия, медицина, целлюлоза-қағаз салаларында жалпы сомасы 20 млрд АҚШ долл.асатын 25 жобаның іске асырылғаны туралы ақпарат ұсынылған. Бұл жобалар туралы ақпарат интеграциялық бірлестіктің сайтында орналасқан, өнеркәсіптік ақпараттық ресурс болып табылатын ЕАЭО-ның Индустияландыру картасында құрылымданған.

"Бізде өнеркәсіпте импортты алмастыру бойынша интеграциялық ынтымақтастықты тереңдету үшін елеулі мүмкіндіктер қарастырылуда. ЕАЭО-ның Индустрияландыру картасына сәйкес 50-ден астам жоба бойынша не интеграциялық ынтымақтастыққа тікелей қызығушылық бар, не өндірушілер өнімді Одақ елдеріне жеткізуді жүзеге асыруды мақсат тұтады",- деп атап өтті Артак Камалян. 

Автоөнеркәсіпте, химия және электр техникасы өнеркәсібінде, сондай-ақ ағаш дайындау техникасы өндірісі саласында интеграциялық құрамдасы бар алты жоба қазірдің өзінде іске асырылуда. Бұл, мысалы, Карелияда харвестерлер, форвардерлер, сүйрегіш машиналар мен орман ағашын тиегіштер өндірісі жөніндегі Беларусь-Ресей жобасы және минералды тыңайтқыштар шығару мен Қаратау-Жаңатас фосфат бассейнінің кен орындарын игеру жөніндегі Қазақстан-Ресей жобасы.

Артак Камалянның сөзінше, аталған сәтте Индустрияландыру картасы 25 саладағы жалпы сомасы 270 млрд АҚШ долл.асатын 158 жобаны кірістіреді. . Қазірдің өзінде Одақтағы кооперациялық ретінде айқындалған да, әлеуетті кооперациялық өнеркәсіптік жобалар да негізінен импортқа тәуелді бағыттар бойынша іске асырылады. Өнеркәсіптің әртүрлі саласындағы жобалардың айтарлықтай бөлігі ЕАЭО елдері кәсіпорындарының интеграциялық ынтымақтастығында перспективасы бар.

ЕЭК министрі баяндаманың деректерін мүше мемлекеттердің Үкіметтері Одақ өндірушілерін кооперациялық тізбектерге тарту, сол немесе өзге инвестжобаларды мемлекеттік қолдау, халықаралық жобаларды іске асыру, өндірістерді жергіліктілендіру кезінде ескеруі мүмкін екенін атап көрсетті.

"Біздің өндірушілердің кооперациялық байланыстарын дамыта отырып, біз олардың салалық мамандануын, ғылыми-техникалық және өндірістік мүмкіндіктерін ескеруіміз керек. Одақта импортты алмастыруды дамытудың негіз қалаушы факторы импортқа тәуелді бағыттар бойынша ғылыми-техникалық базаны дамыту болып табылады",- деп қорытындылады ЕЭК министрі.