Жаңалықтар

15.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:56)

ЕАЭО-да климаттық және цифрлық бастамалар банкі қалыптастырылады

Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕАЭО-ның климаттық және цифрлық бастамалар банкі қалыптастырылады. Бұл туралы ЕЭК Сауда жөніндегі министрінің көмекшісі Сергей Чернышев Ресей халықаралық зерттеулер қауымдастығының (РХЗҚ) XIII Конвенті шеңберіндегі Ресейдің орнықты даму және ESG-трансформация жөніндегі бірінші ашық халықаралық конференциясында айтты.

«БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік конвенциясының Тараптары конференциясының Глазгодағы алдағы 26-сессиясы қажетті құралдарды жасау мен қолдану жөніндегі ұлттық күш-жігерді үйлестіруге елеулі серпім береді деп санаймыз»,- деп атап өтті Сергей Чернышев «Глазгода не болады?» сессиясында.

Оның сөзінше, климаттық қатерлерге қарсы күрес елдер арасында тосқауылдардың пайда болуына, сондай-ақ «лас» өндірістің халықаралық ағылуына әкеп соқпауға тиіс. ЕЭК Одақ елдерінің климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ұлттық шараларын үндестіру мен қолдауды қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық құралды пайдалануға ұмтылады.

ЕЭК өкілі Комиссияда қазір климаттық және цифрлық бастамалар банкі қалыптастырылып жатқанын, оның мақсаты - Одақта пайдалану үшін, сол сияқты «жасыл» жобаларды инвестициялайтын шетелдік әріптестерге баламалы нұсқалар беру үшін одақтық мемлекеттерде әзірленген технологиялардың таныстырылымы екенін хабарлады.


Анықтама:

Іс-шараға БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Татьяна Валовая, «ВЭБ.РФ» бизнес-блогының атқарушы директоры Дмитрий Аксаков, «Мәскеу биржасы» ЖарАҚ басқарма төрағасы Юрий Денисов, РФ Федералдық агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортын дамыту орталығының директоры Дмитрий Краснов, «ГАЗ» ЖарАҚ директорлар кеңесінің мүшесі Зигфрид Вольф, «Эксперт РА» рейтинг агенттігінің бас директоры Сергей Тищенко, Ресейдегі Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының «Климат және энергетика» бағдарламасының директоры Алексей Кокорин, Danone компаниялар тобының бас хатшысы Матиас Вишра, Француз биоәралуандық агенттігінің Еуропалық және халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Сириль Барнериа қатысты.