Жаңалықтар

26 Mar 2024 ЕЭК белорус бизнесімен мемлекеттік сатып алуды және ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті талқылады Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қолдауымен Брест облыстық атқару комитетінің алаңында болып өткен Қоғамдық қабылдауға қатысушылар бәсекелесік пен мемлекеттік сатып алудың проблемалық мәселелерін талқылады. Кездесу Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің төрағалығымен өтті. "Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың 80 пайыздан астамы Еуразиялық нарықтарда бәсекелестіктің деңгейі жоғары деп санайды. Бәсекелес экономиканың өз артықшылықтары бар және қатал мемлекеттік реттеуді алмастырады", – деп атап өтті Максим Ермолович. Белорус бизнесінің өкілдері сондай-ақ техникалық реттеу, ішкі нарықтарды қорғау, тауарларды таңбалау тақырыптарын және басқаларды сөз етті. Қоғамдық қабылдау шеңберінде жеке консультациялар өткізіліп, онда ЕЭК сарапшылары бизнестің сұрақтарына тет-а-тет жауап қайтарып, оларды шешу жайын түсіндіріп берді. Максим Ермоловичтің сөзінше, бизнес өкілдерімен ашық диалог болып өтті: "Біз Комиссияда Қоғамдық қабылдауға бәсекелестіктің бұзылуы туралы ақпараттың қандай да бір көзі деп қараймыз. Бизнесті бәсекелестік пен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер ғана емес, ЕЭК қызметінің басқа бағыттары да толғандырады. Біз әріптестерімізбен бірге, барлық сұраққа жауап береміз". Іс-шараға Беларусь Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің, Брест облыстық атқару комитетінің, ЕЭК бейінді блоктарының өкілдері, Беларусь Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының депутаттары қатысты. Іс-шараның қорытындылары туралы барлық ақпарат бәсекелестік жөніндегі блок бетіндегі "Қоғамдық қабылдау" бөлімінде орналастырылады.
26 Mar 2024 ЕАЭО титан оксидіне арналған әкелу бажын уақытша негізде нөлге түсірді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі титан оксидтеріне (ЕАЭО СЭҚ ТН 2823 00 000 0 коды) қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкасын қоса алғанда 2026 жылғы 28 ақпанға дейін кедендік құнның 0% мөлшерінде белгілеу туралы шешім қабылдады. "Бүгінгі таңда ЕАЭО-да титан оксидтерін шығару титан құймалары мен қорытпаларын өндіруді қоспалауыш үстемемен қамтамасыз етудегі бар қажеттілікті толық көлемде қамтымайды. Кедендік-тарифтік реттеудің қабылданған шарасы дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян. Бүгінгі таңда титан оксидіне қатысты кедендік әкелу бажының ставкасы 5% құрайды. Шешім 2024 жылғы 24 наурызда күшіне енді. Анықтама ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 148 шешіміне сәйкес 2022 жылғы 21 ақпаннан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қаралып отырған тауарға қатысты тарифтік жеңілдік қолданылды.
26 Mar 2024 ТМД-ның жас халықаралық саясатшыларының А.А.Громыко атындағы конкурсына жұмыстарды қабылдау басталды Конкурсты А.А. Громыко атындағы сыртқы саяси зерттеулер қауымдастығы, Ресей СІМ ММХҚИ, Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясы және Одақтық мемлекеттің Тұрақты комитетінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның және ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен РҒА Еуропа институты ұйымдастырады.  Конкурсқа жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері, аспиранттар, ғалымдар, оқытушылар, журналистер, талдаушылар, бизнес саласының мамандары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 40 жастан аспаған дипломаттары қатыса алады. Өтінімдер қабылдаудың аяқталатын уақыты - 2024 жылғы 13 мамыр, сағат 23:59. Конкурсқа мына номинациялар шеңберінде қатысу мүмкін болады: - Негізгі номинация-аспиранттардың, ғалымдардың, оқытушылардың, талдаушылардың және дипломаттардың (2024 жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша 40 жастан аспаған) ғылыми мақалалары; - Дебюттік номинация – жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің (2024 жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша 30 жастан аспаған) ғылыми мақалалары; - "Эссе конкурсы" номинациясы – жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің (2024 жылғы 1 тамыздағы жай-күй бойынша 30 жастан аспаған) публицистикалық эсселері. Конкурсқа бір немесе бірнеше автордың өз бетінше жазған (30 мың белгіден аспайтын) және мынадай тақырыптарды зерттеуге арналған түпнұсқалық жарияланбаған ғылыми мақалалары мен талдамалық жазбалары қабылданады: - посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық жобалардың перспективалары: Беларусь пен Ресейдің Одақтық мемлекеті, ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ; - жаңа әлем сипатының контуры: Ресей мен ТМД елдері үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер; - ғылыми дипломатия – Үлкен Еуразияны қалыптастырудың ресурсы; "жаппай санкциялық соғыс": құқықтық мәртебесі, салдары және қарсы тұру әдістері; - Орталық Азия мен Закавказьенің Еуразиялық интеграциядағы рөлі мен орны; - Еуразиядағы қақтығыстар қатері және қауіпсіздікті нығайту құралдары; - А.А.Громыконың дипломатиялық мұрасы;  - Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғыс: тарихи жадты сақтау проблемасы және тарихты бұрмалауға қарсы күрес; - БҰҰ рөлі, оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі өткені мен болашағы. Конкурс пәнаралық болып табылады. Саясаттану, экономика, әлеуметтану, тарих, құқық, философия саласындағы мәлімделген тақырыптаманы ашатын жұмыстар қатысуға қабылданады. Конкурсқа қатысуға публицистикалық эсселер үшін арнайы номинация бойынша мына тақырыптарға арналған жұмыстар да қабылданады: "Әлемнің жаңадан қайта бөлінуі: өркениеттер соғысы немесе макроөңірлердің теңгерімі?"; - "Мәдени соғыстар": адамның бірдейлігін қайта пішімдеу үшін күрес әлемдік саясатқа қалай әсер етеді?  Жүлделер: - негізгі номинациядағы конкурс жеңімпаздарының мақалалары жетекші ғылыми журналдарда (соның ішінде ЖАК тізбесіне кіретін) жарияланады; - байқаудың барлық финалисінің жұмыстары ғылыми мақалалар жинағында жарияланады; - кем дегенде 50 финалист 2024 жылғы шілдеде Мәскеудегі финалистер форумына қатысу үшін өз жұмыстарын таныстыру, бірегей шеберлік сабақтарына қатысу және бай мәдени бағдарлама үшін грант алады; - негізгі номинация жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға – ноутбук, планшет немесе смартфонға ие болады. Дебюттік номинацияда – ақылды сағат, фитнес білезік немесе сыртқы қатты диск беріледі. Сондай-ақ қазылар алқасының шешімі бойынша арнайы номинациялар бойынша жүлделер қарастырылған. Конкурс финалистерінің форумында жұмыстар қорғалатын пікірталас нәтижелері бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарға мыналарды ұсына алады:  - Ресейдегі ғылыми-зерттеу жобасына, монография шығаруға немесе конференцияға қатысуға грант; - ММХҚИ-ды қоса, Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру гранты; - Еуразиялық экономикалық комиссияда практикадан немесе ММХҚИ-да тағылымдамадан өтуге арналған ұсыным хат. Конкурсқа қатысу үшін қоса алғанда 2024 жылғы 13 мамырға дейін конкурстың ресми сайтында электрондық нысан арқылы қатысушының сауалнамасы мен конкурстық жұмысын қамтитын өтінім беру қажет: konkurs-gromyko.org Толығырақ ақпарат конкурстың ресми сайтында орналастырылған. Ұйымдастырушылармен байланыс үшін: info@konkurs-gromyko.org
26 Mar 2024 ЕАЭО титан қалдықтары мен сынықтарына арналған нөлдік кедендік әкелу бажының қолданылуын 2026 жылғы ақпанның соңына дейін ұзартады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы титан қалдықтары мен сынықтарына (ЕАЭО СЭҚ ТН 8108 30 000 0 коды) қатысты кедендік әкелу бажын 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 2026 жылғы 28 ақпанға дейін 0% мөлшерінде белгілеуге шешім қабылдады. Қарастырылып отырған тауарлар негізінен аэроғарыш саласына арналған титан өнімдерінің өндірісі кезінде қайталама шикізат ретінде пайдаланылады. Қолданылатын басқа салалары ретінде энергетиканы, кеме жасауды және медицинаны бөліп көрсетуге болады. "Еуразиялық экономикалық одақтың металлургиялық кәсіпорындарының титан қалдықтары мен сынықтарын пайдалануы титан жартылай фабрикаттарын өндіру процесін айтарлықтай арзандатады және жеделдетеді, сондай-ақ дайын өнімдерді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте біздің елдеріміздің компаниялары өз өндірісінің қалдықтарын да, үшінші елдерден келетін импорттық шикізатты да пайдаланады", – деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.   Анықтама ЕАЭО БКТ-ның титан қалдықтары мен сынықтарына арналған кедендік әкелу бажының ставкасы кедендік құнның 5%-ын құрайды. Қаралып отырған тауарға қатысты 2015-2016 жылдары және 2021 жылдан бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін нөлдік ставка қолданылды.
ЕАЭО-да 2024 жылғы 27 шілдеге дейін берілген ойыншықтарға арналған сәйкестік сертификаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады 26 Mar 2024 ЕАЭО-да 2024 жылғы 27 шілдеге дейін берілген ойыншықтарға арналған сәйкестік сертификаты қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Еуразиялық экономикалық одақтың ойыншықтарға арналған бірыңғай техникалық регламентіне енгізілген өзгерістерді іске қосу тәртібін бекітті. Өзгерістер сәйкестікті бағалаудың ізеуірттелген рәсімдерін белгілейді. 2024 жылғы 27 шілдеге* дейін берілген және осы сертификаттардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды рұқсат құжаттары – сәйкестік сертификаттары бар ойыншықтарды ЕАЭО кедендік аумағында айналысқа шығару мүмкіндігі айқындалды. Мұндай ойыншықтардың айналысына олардың жарамдылық мерзімі (қызмет мерзімі) ішінде рұқсат етіледі. Мұндай мүмкіндікті белгілеу кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң әсер етеді, өйткені ойыншықтарды дайындаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалар мен сатушылар (жеткізушілер) үшін сәйкестікті бағалаудың жаңартылған рәсімдеріне "жұмсақ" өтпелі көшу қамтамасыз етіледі. Анықтама. *Кеңестің 2024 жылғы 26 қаңтарда қабылданған № 5 шешімімен техрегламентке өзгерістердің күшіне ену күні
26 Mar 2024 ЕЭК сублимациялық басып шығару сиясына арналған әкелу бажын уақытша нөлге түсірді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕАЭО СЭҚ ТН-да жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру үшін сублимациялық басып шығаруға арналған сұйық сияны жеке он таңбалы код деңгейінде бөліп шығарып, оларға қатысты кедендік әкелу бажының ставкасын қоса алғанда 2026 жылғы 28 ақпанға дейінгі аралықтағы мерзімде 0%-ға дейін төмендетті. "Сөз пигмент негізіндегі сия туралы болып отыр, олар жарқын және төзімді бейнеленімді әрі қарай әртүрлі беттерге ауыстыра отырып, арнайы қағазға немесе термопленкаға басып шығару үшін қолданылады. Бұл ретте, атап айтқанда, кружкалар, футболкалар, бейсболкалар, кәдесый бұйымдары және т.б. жататын дербестенген өнімге сұраныс жылдан жылға артып келеді", – деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.   Ол бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ аумағында мұндай сия өндірісі жоқ екенін атап көрсетті. Оларды жеке кодқа бөлу қазіргі уақытта ЕАЭО СЭҚ ТН 3215 90 000 0 позициясында жазу мен сурет салуға арналған сия немесе тушь, сондай-ақ өнімнің басқа да түрлері сыныпталатындығына байланысты. Шешім 2024 жылғы 31 наурызда күшіне енеді. Анықтама ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 46 және 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 150 шешімдеріне сәйкес сублимациялық басып шығаруға арналған сияға қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы 2022 жылғы 28 наурыздан бастап қоса алғанда 2023 жылғы 31 наурызға дейін уақытша қолданылды.   
Тағы да көрсету