Жаңалықтар

12.08.2024

ЕАЭО-да СЭҚ ТН сәйкес тауарларды сыныптау жүйесі жетілдіріледі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаровтың басшылығымен, ЕАЭО елдері кеден органдары өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау проблемалары талқыланды.

Сарапшылар құрылыс (техникалық) кептіргішін, сондай-ақ жел электр генераторы қондырғысының қалақшаларын (қалақша дайындамаларын) сыныптау кезінде туындаған проблемалық мәселелерді талқылауды жалғастырды.

Комиссияның Одақ мемлекетінің кеден органы Комиссияға жіберетін құжаттар топтамасын қалыптастыру үшін қажетті тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы шешімдерді дайындау тәртібіне өзгерістер қаралды.