Жаңалықтар

22.09.2022

ЕАЭО-да тұтынушылардың құқықтарын қорғау механизмдері жетілдіріледі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында «Қазіргі заманғы жайсыздау экономикалық жағдайларда тұтынушы мен кәсіпкердің мүдделер теңгеріміне жету - ЕАЭО мен Комиссияның халықтың тұтынушылық құқықтарын қорғау саласындағы бірлескен жұмысының негізгі мақсаттарының бірі», – деп атап өтті. 

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралардың тұтас бір кешенін кірістіреді. Құжат Одақ елдеріне қазіргі заманғы жағдайларда азаматтардың мүдделерін қорғауға байланысты тиімді шешімдер қабылдай отырып, күш-жігерді дер кезінде біріктіруге мүмкіндік берді. Отырысқа қатысушылар атап өткендей, халықтық құқықтық сауаттылығын арттыру, қатарлас импорт, электрондық сауданың қызу дамуы, есеп айырысуларды цифрландыру жағдайларында тұтынушылардың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері айрықша маңызға ие болады.

ЕАЭО елдерінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы 2023 жылғы бірлескен іс-қимыл бағдарламасын іске асыру кезінде дәл осы бағыттар айқындаушы болады. «Бұл бағдарламаның басты мақсаттары - адал бизнесті дамыту үшін және бұл ретте оған түсетін әкімшілік күш-салмақтың азаюы аясында, тауарлардың тиісті сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті реттеуші шараларды қабылдай отырып, азаматтардың тұтынушылық құқықтарын қорғау жолында жағдайлар жасау болады», – деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Отырысқа қатысушылар қоғам мен бизнестің мүдделер теңгерімін сақтау мақсатында оларды экономикалық сипаттағы уақытша шаралар құрылымына қосу үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған ең төменгі қажетті басымдықты шаралардың тізбесін мақұлдады. Бірқатар, соның ішінде Комиссия ұсынымдарының тиімділігін бағалауға, олардың Одақ елдерінде тұтынушылар құқықтарын қорғау деңгейіне ықпалын бағалауға бағытталған және кейіннен өзектілендірілетін перспективалық ұсыныстар айтылды.

Тұтынушыларды тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы хабардар етудің тиімділігін арттыру мәселенамасын зерделеу жөнінде жоспарлар белгіленді. Келесі жылы қоғамдық бірлестіктер мен ғылымды тарта отырып, ЕАЭО мемлекеттерінде халық пен бизнестің тұтынушылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне арналған бірқатар кездесулер мен конференциялар өткізу жоспарланды.

ЕАЭО елдерінің Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттермен ынтымақтастығын одан әрі дамыту мәселелеріне айрықша назар аударылды. Виктор Назаренконың сөзінше, ЕЭК пен Өзбекстан Республикасы Үкіметінің 2021-2023 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары ойдағыдай жүзеге асырылуда. Бұдан арғы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктерін талқылай келе, отырысқа қатысушылар Өзбекстан Республикасы Монополияға қарсы комитеті жанындағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің осы жылдың аяғына дейін Одақ елдерінің мүдделі уәкілетті органдарын тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша семинар өткізу туралы ұсынысын қолдады.

Анықтама

Консультативтік комитеттің отырысы ТМД Атқарушы комитеті, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері бизнесі өкілдерінің, Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматта болып өтті.