Жаңалықтар

02.09.2025

ЕАЭО-да сүт және сүт өнімдеріне арналған техникалық регламентке орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жаңартылған бағдарлама бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2 қыркүйектегі отырысында Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 033/2013) орайлас мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарлама жаңа редакциясында бекітілді.


Бағдарлама Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ Комиссия Алқасының 2022 жылғы шешімімен бекітілген Бағдарламаның қолданыстағы редакциясын іске асыруды ескере отырып әзірленді.

Бағдарламаның жаңа редакциясында 2029 жылдың соңына дейін 73 жаңа мемлекетаралық стандарт әзірлеу (қайта қарау) көзделген. Бұл ретте стандарттардың 60 жобасын дайындау Ресейге бекітілген, тоғыз жобаны Қазақстан, екі жобаны Армения дайындайды.

Бұдан басқа, ұлттық сүт өнімдеріне арналған екі мемлекетаралық стандарттың жобасын Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп дайындайды.

Бірқатар стандарт, соның ішінде, сүт ақуызының концентраттарына, балалар тағамына арналған сарысу ақуыздарының құрғақ гидролизаттарына, шикі және ішетін қой сүтіне, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды тамақтандыруға арналған сүт өнімдеріне және т.б. арналған стандарттар алғаш рет әзірленеді.

ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.