Еуразиялық экономикалық одақ техникалық регламенттерінің талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдемелері туралы келісім 2023 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.
Құжат қауіпсіз емес өнімге және сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттарға қатысты шаралар
қабылдаған кезде техникалық регламенттер мен уәкілетті органдардың аккредиттеу жүргізуге қойылатын талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының өзара іс-қимылының бірыңғай қағидаттарын белгілейді. Келісімді іске асыру Одақтың жаңа актілерін әзірлеуді де, мүше мемлекеттердің ұлтттық заңнамасын үндестіруді де көздейді.
Келісім мынаны көздейді:
- қауіпсіз емес өнімді анықтау және нарықтан алу, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы негізсіз берілген құжаттардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімдерді жедел қабылдау мақсатында мемлекеттік бақылау органдары мен аккредиттеу органдарының ел ішінде де, елдер арасында да өзара іс-қимыл механизмдерін құру. Көрсетілген механизмдерді іске асыру үшін мемлекеттік бақылау органдарының аккредиттеу органдарымен өзара іс-қимылының тәртібі әзірленетін болады;
- Комиссияның ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау органы жүргізген іс-шаралардың нәтижелері бойынша қабылдаған шараларымен келіспеушілігі туралы өтініштерін қарау тәртібін белгілеу. Құжатта осындай өтініштерді беру және қарау қағидалары, сондай-ақ қабылданған шаралар бойынша ұсынымдар туралы шешімдер қабылдау тәртібі айқындалады.
Одақтың көрсетілген актілерін Комиссия Кеңесі қабылдайтын болады.
Келісімде қауіпсіз емес өнім туралы бірыңғай ақпараттық жүйе құру да көзделген, ол мемлекеттік бақылау органдары мен аккредиттеу органдары арасында қабылданған шаралар туралы жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Келісімді іске асыру ЕАЭО елдерінің техникалық регламенттердің міндетті талаптарын сақтауды мемлекеттік қадағалау саласындағы интеграциясының деңгейін арттырады. Бұл ретте саудадағы негізсіз тыйым салуды біржақты тәртіппен белгілеу жағдайларын азайтады.
Келісімді дайындау кезіндегі түйінді қағидаттар — нарық субъектілерінің адалдық презумпциясы, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік бақылауды жүргізудің жүйелілігі, мемлекеттік бақылау органдарының дайындаушылардан, сатушылардан, орындаушылардан және тұтынушылардан тәуелсіздігі, жаза алдында құқық бұзушылықты алдын ала ескертудің басымдығы болды.