ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық комиссияның бейінді Консультативтік комитетінің мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.
Қырғыз Республикасы өткізу пункттерінің кедендік инфрақұрылымы мониторингінің нәижелері туралы баяндама мақұлданды. Өткізу пункттерінің жұмыс істеу тиімділігін бағалаудың әлемдік тәжірибесі және ондағы бақылаушы органдардың қызметі талданды. Консультативтік комитет жанында Одақ елдерінде өткізу пункттерін дамытудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес тиімділік көрсеткіштерінің тізбесін, сондай-ақ олардың мәнін есептеу әдістемесін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру мақұлданды.
ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы №6 шешіміне одақтық мемлекеттердің ұлттық жоспарларына және стратегияларына сәйкес өткізу пункттерін жаңғырту мен қосымша жарақтаудың алдағы жоспарлары туралы Одақ мемлекеттерінің жыл сайынғы хабардар етуі бойынша толықтырулар енгізу мүмкіндігі қаралды.
Максат Мамытканов: "Комиссияның кеден блогының өткізу пункттеріне жүктеме туралы толығырақ ақпарат беру бойынша ұсынылып отырған бастамалары ЕАЭО-ның кедендік инфрақұрылымы мен көлік дәліздерін дамыту мәселелерін үйлестіруді жақсартуға бағытталған. Өткізу пункттері арқылы өту кезінде жүктерді өңдеу жылдамдығына әсер ететін факторларды бұдан да ізеуіртті талдау бизнес-процестерді тек бақылаушы органдар үшін ғана емес, сонымен қатар бизнес өкілдері үшін де оңтайландыруға мүмкіндік береді. Тасымалданатын жүктердің көлемі бойынша қосымша ақпаратты пайдалану мүмкіндігі бизнеске жүк ағындарын және сыртқы шекарада орналасқан кедендік және өзге де инфрақұрылымға нақты жүктемені ескере отырып, өз қызметін жоспарлауға мүмкіндік береді",- деп атап өтті.