Жаңалықтар

28.09.2021

ЕЭК-те суперкомпьютерлерді дамыту перспективалары қаралды

«Суперкомпьютерлар» Еуразиялық технологиялық платформасы ЕЭК алаңындағы мамандандырылған конференция шеңберінде Одақта «Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымы» мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеу туралы бастама көтерді.

Іс-шара Еуразиялық экономикалық одақтың мүдделі мемлекеттік, ғылыми және коммерциялық құрылымдарының өкілдерін біріктірді. Тараптар Еуропаның, Қытайдың, АҚШ-тың, ЕАЭО мемлекеттерінің мысалында суперкомпьютерларды дамытудың әлемдік үрдістерін, ақпараттық-есептеу жүйелері өндірісінің технологияларын, сондай-ақ осы саладағы өзекті ғылыми әзірлемелерді талқылады.

«Евуразиялық интеграция үшін ғылым мен білім берудің ұлттық желілерінің әлемдік деңгейде бәсекелесетін аса басым есептеу әлеуеті жоқ екендігі бөлек проблема болып табылады. Бұл инновациялық технологияларды дамытуға, ғылыми және өндірістік әлеуетті ұлғайтуға кедергі келтіреді, ғылымды қажетсінетін технологияларды жасауда және пайдалануда кейін қалуға, нақты салалар мен кәсіпорындардың ғана емес, сонымен бірге тұтастай экономиканың бәсекелестігін төмендетуге алып келеді. Сол себепті біз суперкомпьютерлық технологияларды дамытуға және есептеу ресурстарын ұлғайтуға тиіспіз. Бізде ірі есептеу жүйелерін әзірлеу, жасау және пайдалану үшін әлеует бар, енді оны экономиканың игілігі үшін пайдаланатын уақыт келді»,- деп атап көрсетті Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Жобаның басты мақсаты - Еуразиялық ақпараттық-есептеу инфрақұрылымын жасау. Әлемдік биіктегі жоғары өнімділікті есептеу ресурстарына өтеусіз қол жеткізу барлық кәсіпорындар, ғылыми мекемелер, оқу орындары, мемлекеттік органдар мен басқа да инновациялық даму субъектілері үшін ашық болады.

Конференция қорытындысы бойынша жаңа мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Оған бұл жобаны әзірлеуге де, сол сияқты іске асыруға да қатысатын ЕАЭО-ның сарапшылық қоғамдастығының өкілдері кіреді.

 

Анықтама:

Суперкомпьютер – әлемдегі қазіргі бар компьютерлердің көпшілігінен өзінің техникалық параметрлері мен есептеу жылдамдығы бойынша айтарлықтай асып түсетін мамандандырылған есептеу машинасы.1993 жылдан бастап бес жүз ең қуатты есептеу жүйелерінің рейтинг деңгейі Top500 жаһандық жобасымен айқындалады және беркітіледі.

«Суперкомпьютерлар» Еуразиялық технологиялық платформасы Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен құрылған. Оның құрылтайшылары - Беларусь Ұлттық ғылым академиясының Информатика проблемалары біріккен институты, Қазақстан Републикасының Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Ресей Федерациясы РҒА А.К. Айламазян атындағы Бағдарламалық жүйелер институты, «Кәсіпорындар инкубаторы» қорының Армян-Үнді АКТ орталығы.