Жаңалықтар

08.07.2022 (Обновлено: 21.07.2022 09:25)

ЕЭК-те навигациялық пломбада қамтылған ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті

2022 жылғы 7 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың төрағалық етуімен навигациялық пломбада қамтылған ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу мәселелері талқыланды. Талқылау тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбада қамтылған ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде болып өтті.
  Жұмыс тобы 2022 жылғы 19 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім ережелеріін іске асыру шеңберінде құрылды. Оның жұмысына ЕАЭО мемлекеттерінің ақпаратты қорғау саласындағы мамандары қатысты.
 

Отырысқа қатысушылар навигациялық пломбалардағы ақпаратты сақтау құрылымын, ақпаратты криптографиялық қорғауға қойылатын талаптарды, навигациялық пломбаларды салу, қадағалап отыру және алып тастау алгоритмдерін (схемаларын) немесе тәртібін, навигациялық пломбалардағы ақпаратты шифрлау субъектілерін, сондай-ақ тасымалдарды қадағалап отыру мақсатында ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді іске асыруға бағытталған нормативтік актілерді әзірлеу мәселелерін талқылады.

Жұмыс тобы отырысының нәтижелері бойынша цифрлық шешімдерді бағамдайтын осы мәселелерге Комиссияның басқа да салалық блоктарын, сондай-ақ атқарымды механизмдерді іске асырудың тиісті тәсілдері мен мерзімдерін әзірлеу үшін Одақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының өкілдерін тарту туралы шешім қабылданды.

Тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбада қамтылған ақпаратты қорғаудың бірыңғай шараларын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының келесі отырысы ағымдағы жылғы тамыздың бас кезіне жоспарланған.