Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 18.05.2022 10:36)

ЕАЭО-да кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну үшін жаңа негіз белгіленді

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждарын төлеу бойынша алты айға дейінгі мерзімге пайызсыз мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін жаңа негіз туралы шешім қабылдады..

Енді Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінде белгіленген негіздерге қосымша мерзімін ұзарту немесе бөліп төлеу жүйе құраушы және (немесе) қала құраушы кәсіпорындар (ұйымдар) тауарларды (өндірісте пайдаланылмайтын акцизделетін тауарларды қоспағанда) әкелу кезінде ұсынылуы мүмкін, оларға мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес олардың экономикаларының орнықтылығын арттыруға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында қолдау көрсетіледі.

Мұндай негіз уақытша
негізде – 2022 жылғы 30 қыркүйекті қоса алғанда қолданылатын болады.

Мұндай мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді алу үшін кеден органына ұлттық заңнамаға сәйкес берілген уәкілетті мемлекеттік органның растамасын ұсыну қажет.

Анықтама

Кедендік әкелу бажын төлеу бойынша мерзімін ұзартуды немесе бөліп төлеуді ұсыну тәртібі ЕАЭО Кеден кодексінің 58 және 59-баптарында реттеледі.