Жаңалықтар

04.03.2024

Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Армения тауарлары туралы мәліметтер енгізілді

Армения Республикасы Экономика министрлігінің өтініші негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Арменияның өнеркәсіптік тауарлары мен олардың өндірушілері туралы мәліметтер енгізілді.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Павел Жуковский атап өткендей, бұл оқиғаны айтулы деп атауға болады, өйткені енді Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі Одақтың барлық елінің өнеркәсіптік тауарлары мен олардың өндірушілері туралы мәліметті қамтиды.

"Мұндай мәліметтер шамамен 22 мыңдай болғанына қарамастан, өсу үшін әлі де босалқы дайындама бар, біз Одақ елдерінің өндірушілерінен кезекті өтінімдерді күтеміз", — деді Павел Жуковский.

4 наурыздағы жай-күй бойынша Еуразиялық тізілімде Арменияның, Беларусьтың, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің 21991 тауары мен 148 өндірушісі туралы мәлімет қамтылған. 

Анықтама

Армения Республикасының Экономика министрлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша ЕЭК-пен өзара іс-қимылға уәкілетті орган болып табылады.