Жаңалықтар

26 наурыздың 2024 ЕЭК белорус бизнесімен мемлекеттік сатып алуды және ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестікті талқылады Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің қолдауымен Брест облыстық атқару комитетінің алаңында болып өткен Қоғамдық қабылдауға қатысушылар бәсекелесік пен мемлекеттік сатып алудың проблемалық мәселелерін талқылады. Кездесу Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермоловичтің төрағалығымен өтті. "Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың 80 пайыздан астамы Еуразиялық нарықтарда бәсекелестіктің деңгейі жоғары деп санайды. Бәсекелес экономиканың өз артықшылықтары бар және қатал мемлекеттік реттеуді алмастырады", – деп атап өтті Максим Ермолович. Белорус бизнесінің өкілдері сондай-ақ техникалық реттеу, ішкі нарықтарды қорғау, тауарларды таңбалау тақырыптарын және басқаларды сөз етті. Қоғамдық қабылдау шеңберінде жеке консультациялар өткізіліп, онда ЕЭК сарапшылары бизнестің сұрақтарына тет-а-тет жауап қайтарып, оларды шешу жайын түсіндіріп берді. Максим Ермоловичтің сөзінше, бизнес өкілдерімен ашық диалог болып өтті: "Біз Комиссияда Қоғамдық қабылдауға бәсекелестіктің бұзылуы туралы ақпараттың қандай да бір көзі деп қараймыз. Бизнесті бәсекелестік пен мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер ғана емес, ЕЭК қызметінің басқа бағыттары да толғандырады. Біз әріптестерімізбен бірге, барлық сұраққа жауап береміз". Іс-шараға Беларусь Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігінің, Брест облыстық атқару комитетінің, ЕЭК бейінді блоктарының өкілдері, Беларусь Ұлттық жиналысының Өкілдер палатасының депутаттары қатысты. Іс-шараның қорытындылары туралы барлық ақпарат бәсекелестік жөніндегі блок бетіндегі "Қоғамдық қабылдау" бөлімінде орналастырылады.
Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Армения тауарлары туралы мәліметтер енгізілді 04 наурыздың 2024 Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Армения тауарлары туралы мәліметтер енгізілді Армения Республикасы Экономика министрлігінің өтініші негізінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне Арменияның өнеркәсіптік тауарлары мен олардың өндірушілері туралы мәліметтер енгізілді. Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаменті директорының орынбасары Павел Жуковский атап өткендей, бұл оқиғаны айтулы деп атауға болады, өйткені енді Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізілімі Одақтың барлық елінің өнеркәсіптік тауарлары мен олардың өндірушілері туралы мәліметті қамтиды. "Мұндай мәліметтер шамамен 22 мыңдай болғанына қарамастан, өсу үшін әлі де босалқы дайындама бар, біз Одақ елдерінің өндірушілерінен кезекті өтінімдерді күтеміз", — деді Павел Жуковский. 4 наурыздағы жай-күй бойынша Еуразиялық тізілімде Арменияның, Беларусьтың, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресейдің 21991 тауары мен 148 өндірушісі туралы мәлімет қамтылған.  Анықтама Армения Республикасының Экономика министрлігі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарларының тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері бойынша ЕЭК-пен өзара іс-қимылға уәкілетті орган болып табылады. 
ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу саласында есептілікті қалыптастыруға орайлас тәсілдемелер жетілдіріледі 01 наурыздың 2024 ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алу саласында есептілікті қалыптастыруға орайлас тәсілдемелер жетілдіріледі Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Жанар Әдікованың төрағалық етуімен өткен кеңесте Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік (муниципалды) сатып алу саласындағы есептілікті жинау мен қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды қабылдау мәселесін қоса, оны жинау және қалыптастырудың өзекті мәселелері қаралды. 2024 жылдан бастап, ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ІІ Үлкен хаттаманы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ратификациялауды аяқтауына байланысты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында есептілікті қалыптастыру міндетті болады. 2015-2023 жылдар ішінде мұндай есептілік ұсынымдық сипатта болып келді. Жыл сайынғы "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу" (есептілік көрсеткіштерін талдау)" шолуы Еуразиялық экономикалық комиссияның порталында орналастырылды. 25 көрсеткіш анықталды, олардың қатарында, мысалы, өткізілген сатып алу рәсімдерінің, берілген өтінімдердің және сатып алу тәсілдері бойынша жасасылған шарттардың, соның ішінде электрондық шарттардың саны, қаржыландыру көздері, сатып алу тәсілдері, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шыққан елі және жеткізушілерді тіркеу елі бойынша жасалған шарттардың құны бар. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің түрлері және олардың шыққан елі бойынша есептілік алғаш рет енгізіліп отыр. Анықтама 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 31 наурызда қол қойылған хаттамада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 25 қосымшаның 29-тармағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер сатып алудың ақпараттық ашықтығы мен анықтығын, соның ішінде ақпаратты (есептілікті) қалыптастыру арқылы мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу саласында, соның ішінде Комиссия бекітетін көрсеткіштер мен форматтар бойынша қамтамасыз ететіні туралы өзгеріс көзделген. Есептіліктің көрсеткіштері мен форматтары Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 шешімімен бекітілген (көрсеткіштер тізбесінің 27-бөлімі, F27.01.01 және F27.01.04, F27.02.01 және F27.02.04 форматтары). Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 26 ұсынымы.
01 наурыздың 2024 ЕЭК Кеңесі бәсекелестік саласындағы ЕАЭО құқығына өзгерістер пакетін қабылдады Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 1 наурыздағы отырысында Өтініштерді қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істерді қарау тәртіптері және Айыппұлдар мен бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесі сияқты . трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау рәсімін регламенттейтін актілерге өзгерістер енгізілді. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы арыздар енді Комиссияға Еуразиялық экономикалық одақ елінің кез келген мемлекеттік тілінде орыс тіліне міндетті түрде аударыла отырып берілуі мүмкін. Мұндай аударманы куәландыру рәсімі оңайлатылды. Тергеп-тексеруді тоқтатудың қосымша негізі — Комиссия Алқасының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы іс жөнінде сол тұлғаларға қатысты, сол негіздеме мен нысана бойынша заңды күшіне енген шешімінің болуы енгізілді. Бұдан басқа, ұзаққа созылған бұзушылықты анықтау күні не болып табылады деген дауға нүкте қойылды. Мұндай күн болып тергеп-тексеру жүргізу туралы айқындама шығарылған күн айқындалды. Бұл жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін есептеу үшін қажет. Түзетулер жосықсыз бәсекелестік белгілерін қарау кезінде нарықты талдау бөлігінде Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне де қатысты болады. Енді тергеп-тексеру шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын айқындау өтініш берушіні, бұзушыны және олардың бәсекелестік қатынастарын анықтаумен шектелуі мүмкін.