Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 1 наурыздағы отырысында Өтініштерді қарау, тергеп-тексеру жүргізу, істерді қарау тәртіптері және Айыппұлдар мен бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесі сияқты . трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау рәсімін регламенттейтін актілерге өзгерістер енгізілді.
Тергеп-тексеруді тоқтатудың қосымша негізі — Комиссия Алқасының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы іс жөнінде сол тұлғаларға қатысты, сол негіздеме мен нысана бойынша заңды күшіне енген шешімінің болуы енгізілді.
Бұдан басқа, ұзаққа созылған бұзушылықты анықтау күні не болып табылады деген дауға нүкте қойылды. Мұндай күн болып тергеп-тексеру жүргізу туралы айқындама шығарылған күн айқындалды. Бұл жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімін есептеу үшін қажет.
Түзетулер жосықсыз бәсекелестік белгілерін қарау кезінде нарықты талдау бөлігінде Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне де қатысты болады. Енді тергеп-тексеру шеңберінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын айқындау өтініш берушіні, бұзушыны және олардың бәсекелестік қатынастарын анықтаумен шектелуі мүмкін.