Еуразиялық экономикалық комиссия мен «Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі» АКЕҰ ұйымдастырған «Жасыл Еуразия» бірінші халықаралық климаттық байқауының жеңімпаздары мен финалистері марапатталды. Рәсім II Еуразиялық экономикалық форум бағдарламасы аясында өтті.
«Конкурс – біздің Одақ елдерінің климаттық тректегі өзара іс-қимылының жан-жақтылығының тағы бір жақсы көрінісі. Климаттық күн тәртібі қазіргі әлемде ерекше орын алады. Біздің елдеріміз көміртекті бейтараптандыруға міндеттеме алды, бұл экономиканың барлық аспектілеріне әсер ететін кешенді процесс», — деді Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук рәсімді аша отырып.
Ол «Жасыл Еуразия» конкурсының жобалары бүгінде Еуразиялық экономикалық одақтың барлық мемлекеттерінің климаттық күн тәртібіне енгізілгенінің айқын көрсеткіші екенін атап өтті. Осыған байланысты вице-премьер сарапшылар жоғары бағалаған тәжірибелер климаттық мәселелердің біздің өмірімізге ықпал етуінің артуы жағдайында ЕАЭО-ның технологиялық тәуелсіздігін дамыту үшін сұранысқа ие болатынына сенім білдірді.
«Бүгін біз заманауи сын-қатерлерге назар аударып қана қоймай, олардың инновациялық шешімін табу үшін осында жиналдық. Біздің елдеріміздің тұрақты дамуына бағытталған практикалық шешімдерді әзірлеуге өз үлестерін қосқан конкурсқа қатысушыларға құрметімді білдіргім келеді», — деп сөзін жалғастырды Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян.
Өз кезегінде Беларусь Республикасы премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко конкурс жұмысын жыл сайынғы негізде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО кеңістігінде масштабтау және енгізу үшін климаттық жобалардың деректер қорын толықтыра алады.
«Әр түрлі номинациялар бойынша берілген 300-ге жуық өтінім үлкен қызығушылық тудырды. Жарысты қорытындылауға қатысқандар конкурсты тұрақты түрде өткізіп тұру керек деген пікірге келді», — деп қорытындылады ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Ұсынылған он номинация бойынша келесі компаниялар, мемлекеттік органдар және жеке тұлғалар жеңімпаз атанды:
– «Таза энергия және энергия тиімділігі» номинациясы бойынша: «Русатом Оверсиз» АҚ (1-орын, Ресей Федерациясы), «Хевел Энергосервис» (2-орын, Ресей Федерациясы), «РУС-ТЭК Энергоаудит» (3-орын, Ресей Федерациясы), «Салым Петролеум Девелопмент» АҚ (3-орын, Ресей Федерациясы);
– «Таза өнеркәсіп» номинациясы бойынша: «Метафракс Кемикалс»компаниясы (1-орын, Ресей Федерациясы), «РусЭнергоПроект» (2-орын, Ресей Федерациясы), «Мессояханефтегаз» АҚ (3-орын, Ресей Федерациясы);
– «Тұрақты ауыл шаруашылығы»номинациясы бойынша: «Летай и смотри Агро» ЖШҚ (1-орын, Ресей Федерациясы), «Витебскоблгаз» өндірістік республикалық унитарлық кәсіпорны (2-орын, Беларусь Республикасы), «АИК» ЖШҚ (3-орын, Ресей Федерациясы);
– «Төмен көміртекті көлік» номинациясы бойынша: «Белоруснефть» мемлекеттік өндірістік бірлестігі (1-орын, Беларусь Республикасы), «Мосгортранс» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны (1-орын, Ресей Федерациясы), «Федералдық жүк компаниясы» АҚ (2-орын, Ресей Федерациясы), РФ СЭБ мемлекеттік корпорациясы (3-орын, Ресей Федерациясы);
- «Жасыл құрылыс» номинациясы бойынша: «Юнигрин Энерджи» компаниясы (1-орын, Ресей Федерациясы), ДОМ.РФ (2-орын, Ресей Федерациясы), РФ СЭБ мемлекеттік корпорациясы (2-орын, Ресей Федерациясы), «РокетГрупп» (3-орын, Ресей Федерациясы);
- «Жасыл қаржыландыру» номинациясы бойынша: Мәскеу Үкіметі (1-орын, Ресей Федерациясы), «Центр-инвест» банкі (2-орын, Ресей Федерациясы), «Сбербанк» ЖАҚ (3-орын, Ресей Федерациясы);
- «Қалдықтарды тиімді қолдану» номинациясы бойынша: Мәскеу Үкіметі (1-орын, Ресей Федерациясы), «ЭкоБиоТех» (2-орын, Ресей Федерациясы), «High Industrial Lubricants & Liguids Corporation» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (2-орын, Қазақстан Республикасы), «Брест қоқыс өңдеу зауыты» коммуналдық өндірістік унитарлық кәсіпорны (3-орын, Беларусь Республикасы);
– «Экологиялық мәдениет және халықты климаттық күн тәртібіне тарту» номинациясы бойынша: «ЭКА» өңіраралық экологиялық қоғамдық ұйымы (1-орын, Ресей Федерациясы) «SEICO» қоғамдық бірлестігі (2-орын, Қырғыз Республикасы), «Чистые Игры» өңіраралық қоғамдық ұйымы (3-орын, Ресей Федерациясы), Кострома облысының «Следово» экологиялық-биологиялық орталығы» мемлекеттік бюджеттік мекемесі (3-орын, Ресей Федерациясы);
– «Экологиялық және климаттық мониторинг»номинациясы бойынша: «Демлаб» ЖШҚ (1-орын, Ресей Федерациясы), А.Н. Шихов (2-орын, Ресей Федерациясы), «Ресей көлік университеті» жоғары білім беру федералды мемлекеттік автономды білім беру мекемесінің Халықаралық көлік коммуникациялары институтының «Көліктегі көміртекті реттеу және тұрақты даму орталығы» ғылыми-білім беру орталығы (3-орын, Ресей Федерациясы), «УРУС-Умные Цифровые Сервисы» ЖШҚ (3-орын, Ресей Федерациясы);
– «Төмен көміртекті даму саласындағы мемлекеттік саясат» номинациясы бойынша: Армения Республикасының қоғамдық қызметтерді реттеу жөніндегі комиссиясы (1-орын, Армения Республикасы), Вологда қаласының әкімшілігі (2-орын, Ресей Федерациясы), Беларусь Республикасының Мемлекеттік стандарттау комитеті (2-орын, Беларусь Республикасы) және Сахалин облысының үкіметі (3-орын, Ресей Федерациясы).