Жаңалықтар

07.10.2022 (Обновлено: 14.10.2022 15:43)

ЕАЭО елдерінде қаржы нарықтарындағы айлакерлерге қарсы күрес жұмысы күшейтіледі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментінің директоры Аркадий Хачатрян қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі "Қаржы қауіпсіздігі аумағы" VII халықаралық конференциясында ЕАЭО елдеріның қаржы нарықтарындағы айлакерлікке қарсы күрес жөніндегі жаңа сын-қатерлер мен міндеттер туралы айтты. 

Оның сөзінше, қарышты цифрландыру өз ішінде, соның ішінде азаматтардың қаржы қауіпсіздігі саласында елеулі қатерді жасырып тұр, себебі киберқылмыскерлер табыстың жаңа заңсыз жолдарын табу үшін бүгінгі жайсыздау мән-жайды белсенді пайдаланады.

Қазақстан тарапының деректері бойынша, ағымдағы жылдың бес айы ішінде Қазақстанда қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдар 27 млрд теңгеден астам сомада 17 мыңнан астам салымшының мүлкін иемденген.

Ресей Банкінің ақпараты бойынша, 2021 жылы қашықтан төлем жасаудың жаңа сервистерінің белсенді дамуы аясында төлем жасаудың электрондық құралдарын пайдаланумен жасалатын ақша аударымдары 28% өсіп, 1 трлн руб. асып түскен. Бұл ретте клиенттердің келісімінсіз жасалатын операциялардың көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 40% дерлік артқан.

"Қаржы нарықтарындағы айлакерлікке қарсы күресті жандандыру - Еуразиялық одақтың барлық елінің ортақ міндеті",- деп атап көрсетті Аркадий Хачатрян.

ЕЭК департаментінің директоры енгізілген экономикалық санкциялар мен шектеу шаралары қаржы нарықтарына елеулі теріс әсерін тигізетінін және Еуразиялық экономикалық одақтың барлық еліне де тиетінін атап өтті.

Үшінші елдердің іс-әрекетінен болған экономикалық залалды азайту жөнінде шаралар тұжырымдау үшін Комиссия алаңында Одақ мемлекеттерінің қаржы-экономикалық блогы ведомстволары басшыларының қатысуымен жоғары деңгейлі жұмыс тобы құрылды. Топ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өзара саудада ұлттық валюталарын пайдалануын дамыту жөнінде ұсынымдар әзірледі, бұларды ағымдағы жылғы тамызда Еуразиялық үкіметаралық кеңес мақұлдады.

"Төлем карталарының ұлттық жүйелерінің жүйеаралық өзара іс-қимылын дамыту, ұлттық валюталардағы банктердің корреспонденттік шоттары желісін дамыту, қаржылық ақпаратпен алмасуды жандандыру және ЕАЭО шеңберінде төлемдерді кедергісіз жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар көзделуде",- деп түйіндеді ЕЭК департаментінің басшысы.