Еуразиялық экономикалық комиссия 15 шілдеде Нью-Йоркте БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОӘК) қолдауымен Орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форум шеңберінде «Орнықты даму мақсаттарын (ТДМ) қолдаудағы өңірлік әріптестік: Еуразиядағы ЕАЭО -ның және басқа да өңірлік бастамалардың тәжірибесі» атты сайд-ивент ұйымдастырды.
«БҰҰ – 2030-ның Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қол жеткізудегі өңірлік интеграциялық бірлестіктердің рөлі бүгінде бұрынғыдан да жоғары. Еуразиялық интеграциялық өзара іс – қимылдың дамуына қарай ЕАЭО-ның осы жаһандық бастамаға қосқан үлесі барған сайын көбейе түсуде», – деді ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев маңызды баяндамасында.
Ол ЕАЭО елдерінің ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі бірлескен жұмысқа бағытталғанын атап өтті, бұл Одақ мемлекеттерінің басшылары 2023 жылғы желтоқсанда қол қойған «Еуразиялық экономикалық жол» декларациясында көрсетілген.
ЕЭК Министрі ЕАЭО-дағы интеграциялық өзара іс – қимылдың озық деңгейі мүше мемлекеттерге БҰҰ-2030 күн тәртібін іске асыру үшін қосымша мүмкіндіктер ашатынын атап өтті және ЕАЭО елдерінің № 1 ОДМ «Кедейлікті жою », № 2 ОДМ «Аштықты жою », № 3 ОДМ «Денсаулық және салауаттылық» және № 17 ОДМ «Орнықты даму мақсатындағы әріптестік» іске асыруымен интеграциялық шаралар мен тетіктердің өзара байланысының нақты мысалдарын келтірді.
Мысалы, № 2 ОДМ-ны іске асыруға қатысты ЕАЭО – ның азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуінің жоғары деңгейі - 93%, сондай-ақ Одақ елдерінің бидай мен көкөністерді өсіруге арналған минералды тыңайтқыштарды әлемдік нарыққа экспорттық жеткізудің елеулі көлемі атап өтілді. № 17 ОДМ бойынша ЕАЭО-ның үшінші елдермен және өңірлік бірлестіктермен халықаралық байланыстарының кеңейіп келе жатқан географиясы атап өтілді.
Талқылауға қатысушылар ОДМ-ға қол жеткізу барысын жеделдету үшін мемлекеттер мен өңірлік бірлестіктердің ұжымдық күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.
«Еуразиялық экономикалық интеграция жаһандық проблемалардың: әлемдік экономиканың нашарлауына, кедейлікке, климаттың өзгеруіне және азық-түлік, су және энергияны қоса алғанда ресурстардың тапшылығына қарсы іс-қимылдың тиімді және икемді тетігі болып табылады. Оның одан әрі үйлесімді дамуы, экономиканы жетілдіру және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету теңсіздік мәселесін шешіп, әлеуметтік интеграцияға және өмір сүру деңгейін арттыруға ықпал етуі мүмкін » – деді Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Юрий Амбразевич.
Ресей Федерациясының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Василий Небензя аймақтық экономикалық интеграцияны көптеген елдерге өздерінің сауда байланыстарын әртараптандыруға, сауда кедергілерін азайтуға, тұтыну нарығын кеңейтуден пайда табуға және өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетін маңызды құралдардың бірі деп атады.
Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Умаровтың пікірінше, ЕАЭО салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде мүше мемлекеттерге орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетін экономикалық бастамалар бойынша ынтымақтастық үшін платформа ұсынатын маңызды интеграциялық тетікке айналды.
Өңірлердің БҰҰ-2030 күн тәртібіне қол жеткізуге қосқан үлесін БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Рабаб Фатима атап өтті.
«Бүгінгі таңда ОДМ міндеттерінің тек 17% ғана орындалып жатқан кезде, білім алмасу және өңірлік бірлестіктер арасындағы байланысты нығайту өңірлерге ОДМ-ға қол жеткізу үшін ең тиімді құралдарды алуға көмектесе алады. ЕАЭО осы маңызды міндетті шешуге өз үлесін қосуды жалғастырады деп үміттенемін », – деді Рабаб Фатима.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) Бас хатшысының орынбасары Сохаил Хан, БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО), Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ), сондай-ақ ҚХР өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шараның трансляциясы UN Web TVцифрлық платформасында қолжетімді.
Сайд-ивент БҰҰ жанындағы Беларусь пен Ресейдің тұрақты өкілдерінің көмегімен ұйымдастырылған.
2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы «Әлемді өзгерту. 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласындағы күн тәртібі» қарарын қабылдады. Орнықты даму саласындағы күн тәртібі кешенді сипаттағы әрі орнықты дамудың үш компонентінің – экономикалық өсудің, әлеуметтік интерацияның және экологиялық орнықтылықтың теңгерімділігін қамтамасыз ететін 17 мақсатты және 169 міндетті кірістіреді.
2017 жылы ЕЭК ЭКОӘК ОДПФ аясында «ЕАЭО өңірінде БҰҰ ОДМ-ға қол жеткізу» баяндамасын дайындап ұсынды.
2023 жылғы 18 қыркүйекте Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Алексей Оверчук Еуразиялық экономикалық интеграцияның БҰҰ - ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге әсері туралы ЕАЭО мемлекеттерінің бірлескен мәлімдемесін ұсынды.