Жаңалықтар

21.03.2023

Жедеғабыл жүктерге арналған жолаушы кедендік декларациясына өзгерістер енгізілді

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жеке тұлғалардың атына жедеғабыл жүктер ретінде жеткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды декларациялау кезінде кедендік құжатты толтыру тәртібін жетілдіруге бағытталған өзгертулерді бекітті.

Бекітілген өзгертулер жедеғабыл жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының үлгісін жаңа бағанмен және оны толтыру тәртібімен толықтыруды көздейді. Жаңа бағанда тауарлардың нақты орналасқан жері туралы мәліметтер көрсетіледі.

«Өзгертулер қашықтан шығару технологиясын тиімді іске асыру үшін тауарлардың орналасқан жерін анықтау мүмкіндігіне бағытталған. Мұның бәрі жиынтықта көрсетілген санаттағы жүктерді ресімдеу рәсімін оңтайландыруға және бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Алишеров.

Жоба Комиссияның кеден блогының жедеғабыл жүктерге кеден әкімшілігін жүргізу және осы мәселе бойынша заманауи құқықтық базаны қалыптастыру жөнінде жүргізіп жатқан кешенді жұмысының қисынды жалғасы болып табылады.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 16 қазандағы
 № 158 шешімімен жедеғабыл жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясының үлгісі және оны толтыру тәртібі бекітілді.