Жаңалықтар

14.03.2025

Қазанда фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогының өкілдері Қазанда "Фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестікті дамыту" атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты.

Іс-шараға қатысушылар дәрілік препараттар нарығындағы бәсекелестік және патенттік заңнама саласындағы құқықтық нормаларды, мәжбүрлеп лицензиялау мәселелерін, дәрі және медициналық бұйымдар нарықтарындағы монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық мәселелерін, ден қою шараларын, таңдаулы праткикаларды, денсаулық сақтау секторындағы мемлекеттік сатыпалымды, сауда-саттықта сөз байласуға қарсы күрес тақырыбын талқылады.

Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің, сондай-ақ ҚХР, Индонезия, Түркия, Мысыр, ОАР және Мьянма елдерінің бәсекелестік органдарының қызметкерлері ұлттық заңнаманы жетілдіру, фармацевтика секторындағы бәсекелестік қағидаларын бұзушылық бойынша істерді қарау тәжірибесімен бөлісті. Пікірсайысқа ғылыми топтар мен фармкомпаниялар өкілдері қатысты.

Комиссия делегациясы "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тауарлық нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы баяндамаларда қамтылған ұсынымдарды практикалық қолдану" деп аталған ТМД мемлекеттерінің монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды бірлесіп тергеп-тексеру жөніндегі штаб отырысына қатысты.

ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаментінің директоры Жанар Әдікова: "Комиссия ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы, соның ішінде фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу белгілерін қарау кезінде осы саланы ұлттық және ұлтүсті реттеу ерекшеліктерін ескереді", — деп атап өтті.
Сондай-ақ, БРИКС-тің Фармацевтикалық нарықтардағы бәсекелестік мәселелерін зерттеу жөніндегі жұмыс тобының да отырысы болып өтті.