Жаңалықтар

19.08.2022

Шетелдік дайындаушының барлық ресми өкілі ЕАЭО-да автомобильдерді сертификаттау кезінде өтініш беруші бола алады

ЕЭК Кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының ұсынысы бойынша шетелдік дайындаушының кез келген ресми өкіліне ЕАЭО-дағы автомобильдерді сертификаттау кезінде, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжатты қолдану немесе оның қолданысын ұзарту кезінде өтініш беруші болуға мүмкіндік беретін шешім қабылдады. 

Осымен бір мезгілде «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттің нормасы тоқтатыла тұрады, соған сәйкес оларды алған дайындаушының өкілінен өкілеттіктер кері қайтарылған жағдайда автомобильге немесе автокомпоненттерге сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданылуы тоқтатылады. 

Техникалық реттеу жөніндегі министр Виктор Назаренко атап өткендей, шешім, соның ішінде Беларусь Республикасының бұрын талқыланған ұсынысын ескере отырып, мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар шеңберінде және импорттаушыларда жаңа автомобильдер мен олардың жиынтықтауыштарын әкелу кезінде пайда болатын проблемаларды жедел шешу мақсатында шетелдік дайындаушылардың санкцияға тап болған елдерде өнімді сертификаттаған өз ресми өкілдерінен өкілеттіктерді кері қайтарып алуына байланысты қабылданды. 

Белгіленген норманың қолданылу мерзімі – 2024 жылғы 31 желтоқсан.