Жаңалықтар

29.09.2023

ЕАЭО-ның «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерістер күшіне енеді

30 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне өзгерісер күшіне енеді.


Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2023 жылғы 29 тамыздағы № 89 шешімімен техникалық регламентті техрегламентте көзделген мұнай паспортының бірыңғай нысанымен және паспортты толтыру қағидаларымен толықтырып, оған өзгерістер енгізді. Оның талаптарын біркелкі қолдану үшін паспорт нысанына байланысты техникалық регламенттің жекелеген ережелері нақтыланды.

Паспорт нысанын біріздендіруге көшуді қамтамасыз ету мақсатында осы шешім күшіне енген күнге дейін мұнай партияларына ресімделген, яғни бірыңғай нысан бойынша ресімделмеген паспорттар 2023 жылғы 1 қарашаға дейін жарамды.

Сондай-ақ, өзгерістер мұнайды сынау кезеңділігі техрегламент әдістеріне арналған стандарттар тізбесіне енгізілген стандарттарда белгіленетінін көздейді.

Өзгерістер мұнай шығару және оның Одақ аумағындағы айналысы кезінде, соның ішінде құжаттаманы ресімдеу бөлігінде бірыңғай тәсілдемелерді қалыптастыруды қамтамасыз етеді.