Жаңалықтар

12.10.2021

Каныбек Ажекбаров ЕЭК-тің Макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Каныбек Ажекбаров 1957 жылғы 25 желтоқсанда Қырғыз Республикасында туған.

Фрунзе политехникалық институтын бітірген, «инженер-экономист» біліктілігі берілген. Экономика ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. ТМД Экономикалық одағының Мемлекетаралық экономикалық комитетінде, Қырғыз Республикасы Үкіметінің Аппаратында, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитеті хатшылығында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 - 2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрінің көмекшісі қызметінде болды.

2021 жылғы 11 қазаннан бастап ЕЭК-тің Макроэкономикалық саясат департаменті директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.