Жаңалықтар

18.08.2020

Каныбек Касымали уулу ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Касымали уулу Каныбек 1989 жылы 25 желтоқсанда туған, «Манас» қырғыз-түрік университетінің (Қырғыз Республикасы) экономика және менеджмент факультетін бітірген. Сондай-ақ Корея даму институты жанындағы Мемлекеттік саясат және басқару мектебінде (Корея Республикасы) "даму саясаты" мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Қырғыз Республикасының Экономика министрлігі жанындағы инвестицияларды ілгерілету агенттігінде жұмыс істеді.

2016 жылдан 2019 жылғы қаңтар айына дейін Қырғыз Республикасының Экономика министрлігінде ЕАЭО және ДСҰ мәселелерін үйлестіру басқармасында Еуразиялық экономикалық одақпен жұмыс жөніндегі бөлімді басқарды.

2019 жылғы қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияға келгенге дейін Қырғыз Республикасы Президентінің Аппаратында стратегиялық даму, экономика және қаржы саясаты бөлімінің жобалық даму секторының сарапшысы қызметін атқарды. 

2020 жылғы 17 тамыздан бастап ЕЭК-те Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.