Жазира Ендібайқызы Ержігітова 1984 жылғы 7 тамызда Шыршық қаласында (Өзбекстан Республикасы) туған. 2006 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы ҚазГЗУ магистратурасын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Лондонның Университеттік колледжін құқық магистрі (LLM) бағыты бойынша аяқтаған.
Еңбек қызметін 2010 жылы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде бастады. Қазақстанның Әділет министрлігінде 2021 жылға дейін халықаралық құқық департаментінде екіжақты халықаралық шарттардың жобаларын сараптау басқармасына басшылық етті, экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаментін басқарды.
2010-2012 жылдары Еуропалық одақтың «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» жобасының заңгері болды.
2021 жылғы мамырда Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.