Жаңалықтар

27.09.2024

Шетелдік бизнес ЕАЭО-ның бірыңғай нарығына қызығушылық танытуда

24-25 қыркүйекте өткен кездесу барысында Қырғызстанның іскер топтары және Ресейдегі Бельгия-Люксембург сауда палатасының (БЛСП) делегациясы, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығының мүмкіндіктерімен таныстырды.

БЛСП делегациясының Бішкекке сапары аясында Комиссия Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігінде, Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвестициялар агенттігінде, Қырғызстанның СӨП, «Бішкек» ЕЭА-да, Қырғыз Республикасының Банктер Одағында серіктестерге келіссөздер, сондай-ақ Бельгия мен Люксембург кәсіпкерлерімен ынтымақтастыққа мүдделі қырғыз компанияларымен жұмыс кездесулерін ұйымдастырды.

БЛСП делегациясымен бірге жүрген ЕЭК Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Автандил Алыбаев: «Біздің серіктестеріміздің (Бельгия – Люксембург палатасының мүше компаниялары) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің барлығы жақсы перспективаларға ие, бұған Одақтың бірыңғай нарығында экономикалық қызметті жүргізу үшін қолайлы ахуал ықпал етеді. ЕАЭО мен Батыс Еуропаның іскер топтары арасындағы диалогты қолдау, жаңа мүмкіндіктер туралы шетелдік кәсіпкерлік қауымдастықтарды уақтылы хабардар ету маңызды», – деп атап өтті.

Келіссөздерге қатысушылар өзара қолдау мен ақпарат алмасудың маңыздылығын атап өтіп, соның барысында, мысалы, шетелдік бизнес Қырғызстанда кәсіпорындар ашу шарттары мен салық режимі, мұнда шетелдік компаниялардың жұмысының құқықтық форматтары, Қырғыз Республикасындағы коммерциялық табысқа әсер ететін өзге де факторлар туралы өзекті мәліметтер алады. Бизнес-қауымдастықтар арасындағы осы бағыттағы диалог бизнестің дамуына және жаңа нарықтардағы позициялардың нығаюына ықпал етеді.

БЛСП делегациясының Қырғыз Республикасына сапары Комиссияның Палата үшін ЕАЭО елдеріне ұйымдастырған үшінші бизнес-миссиясы болды (Ереван – 2023 жыл, Минск – 2024 жылғы сәуір).
БКСП-да 150-ден астам мүше компания бар.