Жаңалықтар

17.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:01)

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ЕАЭО-дағы тұрғын үй құрылысы 25,5% өсті

Еуразиялық экономикалық одақта 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ауданы 77 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектен 15,6 млн шаршы метр немесе 25,5% артық. Тұрғын үй құрылысының өсуі ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде атап өтілді, мейлінше көп — Қырғызстанда (32,5%).

Тұтастай алғанда ЕАЭО-дағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 109,6 млрд АҚШ долларын құрады және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,6% артты.

ЕАЭО-дағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің 9 ай ішіндегі оң серпіні ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қоспағанда, барлық салада байқалды.

Неғұрлым толық статистикалық ақпарат Статистика департаменті бетіндегі талдамалы шолуда берілген.