Еуразиялық экономикалық одақта 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы ауданы 77 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектен 15,6 млн шаршы метр немесе 25,5% артық. Тұрғын үй құрылысының өсуі ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде атап өтілді, мейлінше көп — Қырғызстанда (32,5%).
Тұтастай алғанда ЕАЭО-дағы орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте 109,6 млрд АҚШ долларын құрады және 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 5,6% артты.
ЕАЭО-дағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің 9 ай ішіндегі оң серпіні ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін қоспағанда, барлық салада байқалды.
Неғұрлым толық статистикалық ақпарат
Статистика департаменті бетіндегі
талдамалы шолуда берілген.