05.12.2012
ЕЭК делегациясы Еуростат басшылығымен өткізілген кездесуге қатысты
Статистика
департаментінің директоры Юрий Шоқаманов бастаған Еуразиялық экономикалық
комиссияның делегациясы Люксембург қаласында 29 қараша күні Еуропалық одақтың
Статистикалық басқармасы (Еуростат) басшылығымен өткізілген кездесуге қатысты. Статистика департаментінің директоры
Юрий Шоқаманов бастаған Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы
Люксембург қаласында 29 қараша күні Еуропалық одақтың Статистикалық басқармасы
(Еуростат) басшылығымен өткізілген кездесуге қатысты. Еуростат тарапынан
кездесуге бас директордың орынбасары Мария Богата ханым, Халықаралық ынтымақтастық
департаментінің директоры Петер Эверайэрс мырза қатысты.
Сапар барысында Еуразиялық
экономикалық комиссия мен Еуростат арасында статистика саласындағы
ынтымақтастық туралы Меморандум әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді,
алдағы ынтымақтастық бағыттары анықталды. 2013 жылы Статистика бойынша Консультативтік
комитеттің отырыстарының біріне Еуростат тарапынан бір өкілдің қатысуы үшін
шақыру табыс етілді.
Кездесуге қатысушылар еуропалық
статистика жүйесінің ұйымдастырылуымен және әрекет ету тәжірибесімен,
Еуростаттың халықаралық қызметін жүзеге асырудағы негізгі бағыттармен,
форматтарымен және артықшылықтарымен таныс болды.
«Біз Еуростаттағы әріптестерімізді өте
құрметтейміз. Еуропалық одақтағы Статистика қызметінің даму тарихы жарты
ғасырдан астам уақытты алады. Бүгін біздің өзара мүдделеріміздің бір жерден
шыққандығы, алдағы ынтымақтастық бағыттарымызды жоспарлап алғанымыз да өте
маңызды, – деді Юрий Шоқаманов, кездесуді қорытындылаған сөзінде. – Біздің басты
міндетіміз – біздің елдеріміз қолданып отырған статистикалық әдістемелердің
халықаралық және еуропалық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Бұл бізге
бір тілде араласып, біздің қызметіміздегі нәтижелерге деген сенімнің деңгейін
жоғарылатуға мүмкіндік береді».