Жаңылыктар

04.10.2021 (Обновлено: 08.02.2022 17:56)

ЕЭК ЕАЭО-ның трансшекаралық нарықтарындағы монополияға қарсы практиканы жинақтады

ЕЭК-тің бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығымен әрі Монополияға қарсы сарапшылар альянсымен бірлесіп дайындаған жинаққа Еуразиялық экономикалық одақтың 2017-2021 жылдар кезеңі ішінде бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелері бойынша құқық қолдану және сот практикасы арқау болды.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиевтың сөзінше, жинақта көрсетілген трансшекаралық нарықтардағы монополияға қарсы реттеу шараларын қолдану практикасы практикамен айналысатын заңгерлерге де, сол сияқты Одақ елдерінің кәсіпкерлеріне де пайдалы болады.

 

«Мүше мемлекеттердің экономикалық өміріндегі ЕАЭО-ның өскелең рөліне байланысты практикамен айналысатын мамандар Еуразиялық одақ шеңберіндегі бәсекелестікті құқықтық реттеудің ерекшеліктерін түсінуі қажет»,- деп атап өткен министр жинақтағы алғысөзінде.

Басылымның таныстырылымы VII Еуразиялық монополияға қарсы форум аясында 7 қазанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) болады.