Жаңылыктар

28.04.2021

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қырғызстанның вице-премьері Улукбек Кармышаковпен кездесті

28 сәуірде ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі, Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Улукбек Кармышаковпен кездесті. Тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестердің басымдықтарын, сондай-ақ 29-30 сәуірде Қазанда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының мәселелерін талқылады.

ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев пен Қырғыз Республикасының вице-премьер-министрі Улукбек Кармышаковтың да жұмыс кездесуі болып өтті. Еңбек көші-қоны және еңбекшілерді әлеуметтік қорғау саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақта кәсіпкерлік қызметті дамытудың мәселелері талқыланды. ЕЭК министрі ЕЭК Кеңесінің мүшесін жүргізіліп жатқан зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін шешуге бағытталған жұмыс, ЕАЭО мемлекеттерінің жұмыс істеу мақсатында жүріп-тұратын азаматтарының құқықтарын одан әрі кеңейту және әлеуметтік қорғалуын арттыру туралы хабардар етті.