Жаңылыктар

02.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 18:23)

ЕАЭО-ның метрополитеннің жылжымалы құрамына қатысты техникалық регламенті қабылданды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекітті, ол үш жылдан кейін күшіне енеді. Құжатты ЕАЭО елдерімен бірлесіп Ресей Федерациясының Көлік министрлігі әзірледі. Техрегламент метрополитеннің жылжымалы құрамына және оның жобалау және өндірісі кезінде қолданылатын құрамдас бөліктеріне ЕАЭО кедендік аумағында қолдану және орындау үшін қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды, сәйкестендіру қағидаларын, таңбалауға және таңба басу қағидаларына қойылатын талаптарды, сондай-ақ осындай өнімнің сәйкестігін бағалау нысанын, схемасын және рәсімін белгілейді.

Сәйкестікті бағалау сертификаттау және декларациялау нысанында белгіленеді. Өтінім берушінің шешімі бойынша немесе стандарттар тізбесіне кірістірілген стандарттарды қолданбаған жағдайда декларациялау сертификаттаумен ауыстырылуы мүмкін.

Құжат метрополитеннің жылжымалы құрамына және құрамдас бөліктеріне, мысалы, доңғалақты жұптарына, доңғалақтарына, әйнектеу бұйымдарына, тіркеуіне, арбашасына, тартқыш электр қозғалтқыштарына қолданылады. Техрегламентті қолдану саласынан арнаулы (технологиялық) жылжымалы құрам, сондай-ақ метрополитен вагондарының бұрын пайдалануға енгізілген жекелеген модельдері алып тасталды.

Метрополитеннің жылжымалы құрамын жобалау кезінде қазіргі заманғы техникалық шешімдерді қолдану көзделген. Мысалы, поезд қозғалысын машиниссіз автоматты басқару мүмкіндігі. Әзірленетін вагондардың конструкциясы бүкіл құрамды бойлай толассыз өтуді қамтамасыз етуге тиіс.

Вагонда мүгедектерге арналған орындар бар екендігі туралы ақпаратты орналастыру міндетті болып табылады. Тіреуіш құрылғылармен жабдықталуға және машиниспен немесе диспетчермен байланыс құрылғылары болуға тиіс орындарға тікелей қойылатын талаптар белгіленген.

Тосын жағдаят туған жағдайдағы қауіпсіздік мәселелеріне айрықша назар аударылған. Мәселен, жолаушылардың қараңғы вагонда бағдар ұстауына мүмкіндік жасау үшін вагондар фотолюминесцентті эвакуациялық жүйе элементтерімен жабдықталуға тиіс. Өрт дабылы іске қосылған кезде барлық вагондардың есігінің ашылуы қамтамасыз етіледі, ал апатты шығуды ашу үшін бір адамның күш-жігері жеткілікті болуға тиіс.

Техникалық регламентті іске асыру нарықты алақол әзірлеушілердің қауіпті әрі сапасыз өнімінен қорғауға, талаптарды біріздендіру арқылы ЕАЭО шеңберінде реттелетін өнімнің еркін айналысы үшін кедергілерді жоюға, сәйкестікті бағалау туралы бірыңғай құжаттарды ресімдеуге ықпал етеді және кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң ықпалын тигізеді.