Перейти на старую версию сайта

Жаңылыктар

19.11.2021 (Обновлено: 29.03.2022 10:16)

ЕАЭО елдері кредиттік тарихтар бюросының деректерімен алмасатын болады

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 19 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің үкімет басшылары ЕАЭО шеңберінде кредиттік тарихтар құрамына кіретін мәліметтермен алмасу тәртібі туралы келісімге қол қойды.

Құжаттың басты мақсаты — Одақтың азаматтары мен коммерциялық компанияларының ЕАЭО-ның бүкіл аумағында кредиттік өнімдерге қол жеткізуін жеңілдету, сондай-ақ коммерциялық банктерге әлеуетті қарыз алушының кредиттік тәуекелін әділ бағалау үшін қолжетімді және объективті құралдар беру.

«Бізге құқықтық өріс құру және бұл ретте кредиттік қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғауға кепілдік бере отырып, кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік есептерімен трансшекаралық алмасу механизмдерін іске асыру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ Одақ шеңберінде трансшекаралық алмасуға қатысатын кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет», — деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
  

  

Келісім ЕАЭО мемлекеттерінің резиденттеріне Одақтың басқа елінде орналаса тұра өзінің кредиттік есебін алу мүмкіндігін береді. Құжатта кредиттік бюролар арасындағы өзара іс-қимылдың механизмі жазып көрсетілген, сондай-ақ қаржы реттеушілерінің трансшекаралық алмасуды реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілеттіктері айқындалған.

 

Келісім күшіне енгеннен кейін Одақ елдерінің азаматтары мен компаниялары Еуразиялық «бестік» аумағында банк кредиттерін алуға тең жағдайда өтініш жасау мүмкіндігіне ие болады, бұл трансшекаралық кредиттеуді дамытуға қосымша серпім береді.