Жаңылыктар

20.12.2021

ЕАЭО елдері электрондық саудада тұтынушыларды қорғаудың механизмдерін әзірлейді

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар тұтынушылар құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіру, электрондық сауда саласында бизнес пен азаматтардың өзара іс-қимылының ашық қағидаларын тұжырымдау мәселелерін қарады. ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Наталья Жукова Комиссияның техникалық реттеу блогының тұтынушылар құқықтарын қорғаудың тең жағдайларын жасау және Одақ аумағында онлайн сатып алынған тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіп жатқан үлкен жұмысы туралы айтты.

«Электрондық сауда саласында стандарттарды ендірудің және бизнестің адал қызметі кодекстерінің мәселелері айрықша маңыз алады. Ағымдағы жылы, ЕАЭО-ны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде, Комиссия тұтынушыларға[ ] қатысты адал іскерлік практиканың қағидаттары мен критерийлерін айқындады, оларды дамытуды біз Интернет-сауда саласын өзін-өзі реттеуге бағытталған ерікті стандарттар мен кодекстерді ендіруден көреміз», — деп атап өтті Наталья Жукова.

Оның сөзінше, Комиссия алаңында электрондық сауда саласындағы халықаралық шарт жобасын дайындау жұмысы жүргізілуде, ол құқықтық олқылықтарды реттеуге және осы салада азаматтардың тұтыну құқықтарын қорғаудың оңтайлы механизмін ендіру үшін жағдайлар жасауға тиіс.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың, электрондық сауда саласында қызметті жүзеге асыратын бизнестің, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қоғамдық тұтынушылар ұйымдарының, Израиль Мемлекетінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының өкілдері қатысты.

Беларусь Республикасы Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары Оксана Константинович дөңгелек үстелдің қатысушыларына құттықтау сөзбен қайырылды. Ол электрондық сауда саласында тұтынушылар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін кең форматты және жан-жақты талқылауды өткізудің маңыздылығы мен уақытылы екенін атап өтті.

Пікір сайысқа қатысушылар болып өткен талқылау нәтижелері азаматтардың — электрондық сауда саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған пәрменді мемлекетаралық механизмдерді қалыптастырудың негізіне алынады деп сенімділік білдірді.


___________________________________________________________________
[1] Комиссия Алқасының 2021 жылғы 12 қаңтардағы «Тауарлардың бөлшек саудасы саласында тұтынушыларға қатысты адал іскерлік практиканың қағидаттары мен критерийлері туралы» № 1 ұсынымы