Жаңылыктар

13.10.2021

ЕЭК азық-түлік нарығын дамытуға қатысты инновациялық тәсілдемелерді талқылады

«Еуразиялық кеңістіктегі баламалы өсімдік өнімінің болашағы» дөңгелек үстелі шеңберінде қосылған құны жоғары өнім өндіруге, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар талқыланды. Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалығымен, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО), Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің атқарушы билік органдарының, бизнес-құрылымдарының, салалық одақтары мен қауымдастықтарының, ғылыми-өндірістік және білім беру мекемелерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.

«Бүгінгі таңда органикалық ауыл шаруашылығы, баламалы протеиндер, цифрлық технологияларды ендіру сияқты жаһандық үрдістерге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамытуға айрықша көңіл бөлуге негіздей отырып, ЕАЭО елдерінде аграрлық секторды дамыту маңызды»,- деп атап өтті Артак Камалян.


Пікірсайысқа қатысушылар өндірістің өсу әлеуетін және экономикалық, технологиялық аспектілерді, кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету мәселелерін қоса, ЕАЭО-дағы және әлемдегі мал шаруашылығы өнімінің баламалы аналогтарын іске асыруды қарады.

Атап айтқанда, өндірістік кәсіпорындар мен ретейл өкілдері өсімдік өніміне сұраныстың тұрақты артып отырғанын атап өтті. Мұндай үрдіс - саламатты өмір салты, дұрыс тамақтану және қоршаған ортаны қорғау тренді ықпалының салдары. Осында, ЕЭК алаңында, іс-шараға қатысушылар ойдағыдай стартап мысалында жануардан алынатын өнімдерге балама әзірлеу тәжірибесімен танысты.

Кеңеске қатысушылар ЕАЭО-да тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірлеу қажеттігін белгілеп көрсете отырып, өсімдік негізіндегі өнімдерді техникалық реттеудің өзекті мәселелеріне жекелеп назар аударды.

Өсімдік негізіндегі өнімдерді өндірушілер одағы салалық бірлестіктің тапсырысы бойынша өткізілген өсімдік өнімдерін түйсіну туралы Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерделеу орталығының зерттеу нәтижелерін хабарлады. Мониторинг нәтижелері Ресей халқының көпшілігі нарықта өсімдік өнімдері бар екені туралы білетінін көрсетті. Респонденттердің 79%-ы өсімдік етін тұтынып көрмегенін ескере келгенде, олардың 58%-ы өсімдік еті жануар етін пайдаланбай өсімдік компоненттерінен ғана әзірленеді деп есептейді. Сауал қойылғандардың 14%-ы мұндай ет өсімдік компоненттерін қоспалай отырып, жануарлардан алынған деп жауап берді. Сауал қойылған аудиторияның қалған бөлігі сұраққа жауап беруге қиналғандық білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар ауыл шаруашылығын орнықты дамытуға қатысты тәсілдемелерді айқындау, Одақ елдеріне саланы сапалық жаңа, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар әзірлеу мақсатында ЕАЭО шеңберінде еларалық өзара іс-қимылды нығайту қажеттігімен келісті.