Сауда

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Сауда»

17 Sep 2024 Андрей Слепнев: «Біз ЕАЭО-ны көп полярлы әлемнің полюстерінің біріне айналдыруға тиіспіз» Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев «Экономика жоғары мектебі» ұлттық зерттеу университетінің VII ЕАЭО халықаралық форумына қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Одақтың келешегін осылай айқындап айтып өтті. "Әрине, біз бірлестігіміздің көптеген нәтижесін көріп отырмыз. Бірақ егер жүйелі түрде келетін болсақ, ойда ұстауға тиісті екі негізгі элемент бар. Біріншісі — біртұтас ортақ нарық, тосқауылсыз, бірыңғай қағидалар бойынша төрт еркіндік: тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капиталдың және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі. Бұл даму үшін, инвестициялар үшін, бизнес үшін база құратын 184 миллионнан астам тұтынушысы бар кеңістік", — деді ол. Министр өз сөзін Еуразиялық экономикалық одақ өмір сүрген он жыл ішінде ішкі сауданың өсуі $58 млрд.-тан 55% ұлғайғанын цифрлармен көрсетті. Бұл ретте, оның сөзінше, ЕАЭО-да дамудың жаңа құралдары да пайда болуда. Атап айтқанда, өткен жылы кооперациялық жобаларды бюджеттеу механизмі іске қосылды. Жақын арада ЕЭК Алқасында осындай алғашқы жоба қаралатын болады. Андрей Слепнев Одақ құрудың екінші нәтижесі деп оған мүше мемлекеттердің сауда әріптестерімен — елдермен қарым-қатынасындағы ортақ дауысын атады. Мұнда қазірдің өзінде, атап айтқанда, Вьетнаммен, Сербиямен және Иранмен еркін сауда туралы бірқатар келісім жасалды. Сондай-ақ, Қытаймен пұрсаттылықты емес келісім бар, ол әкелу баждарын нөлге түсірмесе де, өзара саудаға жәрдемдесудің басқа да көптеген элементін қамтиды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы — Қытайдың "Белдеулер мен жолдар" бастамасымен ұштасу. Нәтижесінде ЕАЭО-ның Қытаймен саудасы он жыл бұрынғы $100 млрд.-тан аз көлемнен $300 млрд.-тан астамға дейін түбегейлі өсті. "Жаңалықтарға келетін болсақ, өткен аптада біз Моңғолиямен келісілген келісім жобасын түпкілікті оқып шықтық. Жыл соңына дейін осы құжатқа қол қойып, жаңа режимде жұмыс істейтін боламыз деген үміт бар. Жақын арада БАӘ және Индонезиямен келіссөздердің түйінді раундтары күтілуде. Қазан айындағы БРИКС саммитіне қарай қандай бір оңды жаңалықтар болып қалар деген ойдамыз", — деп жалғастырды сөзін ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Бұдан басқа, Мысырмен келіссөздер жүргізілуде, Үндістанмен келіссөздерді бастау алдындамыз, келесі басқа әріптестерді айқындау бойынша да белсенді жұмыс жүріп жатыр. Андрей Слепнев өткен жылғы желтоқсанда ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары Одақты 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған дамыту туралы декларация қабылдағанын форум қатысушыларының есіне салды. Онда Одақ бәсекеге қабілетті, азаматтарға ыңғайлы, сыртқы әлеммен өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық үшін ашық интеграциялық бірлестік ретінде сипатталған. "Мұның көпполярлы әлемнің полюстері бірінің сипаттамасынан несі кем? Бұл полюсті біз қалыптастыруымыз керек", — деп атап көрсетті ол. Қорытындылай келе, министр ЕАЭО қазірдің өзінде посткеңестік кеңістіктің шеңберінен шыққанына назар аударды. Қазірдің өзінде Өзбекстанмен бірге Одақтағы байқаушының бірі Куба болып табылады, Иранның тиісті өтінімін қарау процесі жүріп жатыр. 
17 Sep 2024 ЕЭК өкілдері моңғолдық әріптестерін ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімінің перспективалары туралы хабардар етті 16 қыркүйекте Ұлан-Батыр қаласында Моңғолияға көп салалы іскерлік миссия барысында ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Каныбек Касымали уулу сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін жасасу шеңберінде жоспарланған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы ЕАЭО елдерінің бизнес-қоғамдастығының ерекше рөлін атап көрсетті. Өз сөзінде Каныбек Касымали уулу 2015 жылы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюдан басталған ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты жүйелі дамытудың маңыздылығын атап өтті. ЕЭК Сауда саясаты департаменті сауданы реттеудің арнайы мәселелері бөлімі бастығының орынбасары Наталья Тараскина мамандандырылған сессияға қатысушыларды уақытша сауда келісімі, тауарлармен қамту, ЕАЭО мен Моңғолия арасындағы қол қою мен саудада пұрсаттылық режимінің қолданылуын бастау перспективалары туралы хабардар етті. Баяндамасының соңында Каныбек Касымали уулу қатысушыларды Еуразиялық экономикалық форумға – 2024 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Ереван қаласында (Армения Республикасы) өтетін Еуразиялық экономикалық одақтың жыл сайынғы басты іскерлік іс-шарасына қатысуға шақырды. Көп салалы іскерлік миссияны Ресейдің экспорттық орталығы 2024 жылғы 16-17 қыркүйекте Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының алаңында өткізеді. 
17 Sep 2024 Андрей Слепнев: "Біздің елдеріміздің бәсекеге қабілеттілігі мен даму перспективалары экономиканың орнықты дамуы мен жай-күйі арасындағы теңгерімді табуға байланысты" Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев мұндай пікірді Ecumene төртінші жаһандық форумы аясындағы "Технологиялық бейтараптық"сессиясында сөйлеген сөзінде білдірді. "ЕЭК-те біз айналысатын сауда мәселелері мемлекеттердің Париж келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауы, энергияға көшу және жаңа экономика құру мәселелерімен тікелей байланысты", — деп атап өтті ол. Министрдің көзқарасы бойынша, бүгінгі таңда әлемде қалыптасқан жағдаят кооперацияға, тіпті бәсекелестікке де емес, бақталастыққа, кейбір елдер ДСҰ ережелерін бұза отырып, басқаларға қарсы бөгеуіл баждарын енгізген кезде кейде тіпті сауда соғыстарының элементтеріне ұқсайды. Бизнесті өз құзырына және басқа да бәсекеге қабілетсіз практикаға тарту мақсатында мемлекеттік субсидиялар да қолданылады. "Сол себепті, әрине, бәрінен бұрын, қазір Бакуде өтетін COP29 конференциясы, БҰҰ-да, өңірлік форумдарда біздің тиімді жұмыс істеуіміз үшін тараптар арасындағы сенім мен кооперация деңгейін арттыру үшін талқылау өте маңызды", — деп сенімділік білдірді Андрей Слепнев. ЕЭК соңғы жылдары климаттық күн тәртібін белсенді түрде қалыптастыруда және қазірдің өзінде көзге көрінерлік нәтижелер бар. Атап айтқанда, жақын арада екінші "Жасыл Еуразия" конкурсының жеңімпаздарын марапаттау өтеді, онда оннан астам елден келген өкілдер үш жүзден астам өз тиімділігін көрсете алған және одан әрі ауқымдана алатын практика ұсынды. Сондай-ақ министр стандарт және жобалық әдіснама мәселелеріне тоқталды. "Біз бұл бағытта ілгерілеп келеміз: жақында Үкіметаралық кеңес болып өтті, Үкімет басшылары ынтымақтастықтың базалық тәсілдемелерін және маңызды бағыттардың бірі – мемлекетаралық стандарттарды әзірлеуді мақұлдады. Бүгінде біз қолда бар үздік практикаларды ескере отырып, ISO базасында мемлекетаралық стандарттар бойынша нақты бағдарламамен жұмыс істеу үстіндеміз. Бұдан басқа, дұрыстығын тексеру, сәйкестікті бағалау стандарттары және ерікті климаттық жобалар бойынша жобалау әдіснамасы болады", — деді ол. Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақта ілгерілетілетін идеялардың басқа да ірі алаңдарда ұғынылатынын және көңіл бөлінетінін маңызды факт деп санайды. Биыл Ресей БРИКС-те, ал Қазақстан ШЫҰ-да төрағалық етеді: екі алаңда да климат пікірсайыс тақырыбы болып табылады, ал тәсілдемелер өте жақын. "Біз көміртегі бағасына орайлас тәсілдемелер, тосқауылсыз сауда мен инвестицияларды қамтамасыз ету, дұрыстығын тексеруге байланысты бизнес шығындарын азайту туралы айтуымыз керек. Бұл тосқауылдардың болу ықтималдығы көрініп отыр және олардың әлемдік сауда мен экономикалық өсуге ғана емес, сонымен қатар климаттық мақсат жетістіктеріне де жойқын әсері өте ауыр болуы мүмкін", – деп атап көрсетті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі. Сессия жұмысына сондай-ақ Ресей Федерациясы Энергетика министрінің орынбасары Сергей Мочальников, Орталық Азияның Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының Ғылыми-ақпараттық орталығының директоры Динара Зиганшина, Дунгуандағы (Қытай) Цинхуа инновациялық орталығының төмен көміртегін дамыту саясатын зерттеу зертханасы директорының орынбасары Сяньюй Мэн және IRCLASS Systems & Solutions Pvt. Ltd аға вице-президенті, IRQS жаһандық директоры Шаши Натх Мишра қатысты. "Газпромбанк" АҚ-ның бірінші вице-президенті Екатерина Салугина-Сороковая іс-шара модераторы болды.
13 Sep 2024 ЕЭК Түрікменстандағы халықаралық инвестициялық форумда ЕАЭО-ның сауда саясатының негізгі бағыттарын таныстырды Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков Ашхабадта 10-11 қыркүйекте болып өткен Түрікменстан инвестициялық форумына қатысты. Владимир Серпиков цифрлық трансформация мен жасыл экономикаға арналған екі тақырыптық панельдік сессияда баяндама жасап, форум қатысушыларын сауда мен логистикадағы цифрландыруды дамытудың өзекті мәселелері, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібін дамыту туралы хабардар етті. Сөз сөйлеу барысында жүк тасымалын цифрландыру, навигациялық пломбаларды ендіру, тауарларды таңбалау және климаттың өзгеруіне қарсы күреске байланысты сыни қатер мәселелері де қозғалды. "Одақ тартымды инвестициялық ахуалды, тауарлар айналымының транспарентті жағдайларын, сондай-ақ адал бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін көлік пен сауда саласындағы цифрландыруды дамытудың маңыздылығына сүйенеді", — деп атап көрсетті Владимир Серпико Форумды Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі, Сыртқы Істер Министрлігі және Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырды.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Сауда»

107
17.09.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 107 О внесении изменений в Правила определения категорий лекарственных препаратов, отпускаемых без рецепта и по рецепту
18
17.09.2024 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 18 О внесении изменения в Руководство по исчислению даты начала отсчета срока годности готовых лекарственных форм лекарственных препаратов для медицинского применения и ветеринарных лекарственных препаратов
148
17.09.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 148 О проекте распоряжения Совета Евразийской экономической комиссии «О плане мероприятий по созданию, обеспечению функционирования и развитию интегрированной информационной системы Евразийского экономического союза в 2025 году»
147
17.09.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 147 О проекте решения Совета Евразийской экономической комиссии «О проекте решения Евразийского межправительственного совета «Об утверждении Правил информационного обмена на общем электроэнергетическом рынке Евразийского экономического союза»
146
17.09.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 146 О составе сводной рабочей группы по совершенствованию положений Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
Слепнев Андрей Александрович
0/0